Аристотель

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384ж. — б.з.д. 322ж. 7 наурыз) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Аристотель сөзінің грекше мағынасы "Ұлы мақсат" дегенді білдіреді екен.

Сократ, Платон, Аристотель үштігі грек философиясының шыңы ретінде батыс философиясының негіз қалаушы тұлғалары есептеледі.

Аристотель ең алғаш Этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын жан-жақты философиялық жүйеі құрды.


Нақыл сөздері

Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, тәрбие Аристотель

Достарым бар дегенде,
Досы жоқ.

Ілмектер: дос Аристотель

Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Ілмектер: дос, достық, өмір Аристотель

Мас болу — өз еркіңмен жындану.

Ілмектер: мастық Аристотель

Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.

Ілмектер: ерлік Аристотель

Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...

Ілмектер: ақыл, білім Аристотель

Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар.

Ілмектер: адам, дос, адал Аристотель

Адамның түсініктерін қалыпстастыратын - мемлекеттің құрылу формасы.

Ілмектер: мемлекет, адам Аристотель

Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі.

Ілмектер: нығмет, достық Аристотель

Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.

Ілмектер: жүрек, бақыт Аристотель

Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.

Ілмектер: өмір Аристотель

Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.

Ілмектер: достық Аристотель

Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.

Ілмектер: достық, шындық Аристотель

Өмір қимылды талап етеді.

Ілмектер: қимыл, іс-әрекет, өмір Аристотель

Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ

Ілмектер: шындық, Платон Аристотель

Барлық адаммен дос адам, ешкімнің досы емес

Ілмектер: Достық Аристотель

Қылмысқа сылтау ғана керек.

Ілмектер: қылмыс Аристотель

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

Ілмектер: бақыт, қанағат Аристотель

Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан

Ілмектер: Достық, жан Аристотель


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)