Кенен Әзірбаев

Кенен Әзірбаев (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Туып-өскен жері – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Мәтібұлақ деген өңір.


Нақыл сөздері

Есті кісі ерегеспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.

Ілмектер: көпшіл, ерегісу, ас, нақыл, афоризм Кенен Әзірбаев

Бойкүйез, арамтамақ жатып ішер,
Жаман дерт осы бастан сақтаныңдар.

Ілмектер: арамтамақ, дерт, сақтық Кенен Әзірбаев

Адал еңбек ердің досы,
Бақ іздеудің жолы осы.

Ілмектер: адалдық, еңбек, бақ Кенен Әзірбаев

Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоғын білгізбейді.

Ілмектер: азамат, ер, қамшы Кенен Әзірбаев

Ұялмайтын бетке,
Талмайтын жақ береді

Ілмектер: ұят Кенен Әзірбаев

Кесірлі адам кер болады,
Кемеңгер адам кең болады.

Ілмектер: кесір, адам, кемеңгер Кенен Әзірбаев

Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.

Ілмектер: адам, көпшілік, есті, Әдеп, әдептілік Кенен Әзірбаев







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)