Эссе және өлең-жыр байқауы

Нельсон Мандела

Нельсон Ролилахла Мандела — Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және тұңғыш қара нәсілді президенті (1994 жылдың 10 мамырынан 1999 жылдың 14 маусымына дейін). Апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрескен белсенділердің ең танымалы. Саяси тұтқын ретінде 27 жыл 6 ай 6 күн (1962 жылдың 5 тамызынан 1990 жылдың 11 ақпанына дейін) абақтыда отырып шыққан. Сонымен қатар, ол 1993 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері болып табылады.


Нақыл сөздері

Саясатта табысты болу – халықты өз көзқарасыңа иландырып, оларға анық, сыпайы, сабырлы әрі ашық түрде түсіндіруді қажет етеді.

Ілмектер: саясат, табысты болу, халық, көзқарас, сыпайылық, сабыр Нельсон Мандела

Мен ешқашан дербес сыйлық туралы ойлаған емеспін. Сыйлық жеңіп алудан үміттенген адам азаттықтың күрескері бола алмайды.

Ілмектер: сыйлық, үміт, азаттық Нельсон Мандела

Біздің елде ғана әуелі түрмеге түседі, кейіннен ел басқарады.

Ілмектер: ел, түрме, басқару Нельсон Мандела

Келіссөз барысында байқағаным – өзіңді өзгертпей басқаны өзгерту мүмкін емес.

Ілмектер: келіссіөз, өзгерту Нельсон Мандела

Мені жетістігіме бола құрметтемеңдер, құлаған жерімнен қайта тұра алғаным үшін бағалаңдар.

Ілмектер: жетістік, құрмет, бағалау, баға Нельсон Мандела

Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.

Ілмектер: адам, жетістік, борыш Нельсон Мандела

Ұлт – биліктегілермен емес, қарапайым тұрғындарымен бағаланады.

Ілмектер: ұлт, бағалау Нельсон Мандела

Жалғыз адам бүкіл елді азат ете алмайды. Жұмыла қимылдағанда ғана азаттыққа жетуге болады.

Ілмектер: ел, азаттық, адам Нельсон Мандела

Біздің басты қорқынышымыз – мықтылығымыз.

Ілмектер: қорқыныш Нельсон Мандела

Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал, оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді.

Ілмектер: тіл, ана тілі, жүрек Нельсон Мандела

Ең жақсы қуаныш – өзгеру.

Ілмектер: қуаныш Нельсон Мандела

Бұрында айтқанымдай, ең әуелі өз-өзіңе адал бол. Өзіңді өзгерте алмасаң, ешқашан қоғамға әсер ете алмайсың. Ұлы бітімгердің бәрі – білікті, адал, сыпайы адамдар.

Ілмектер: адал, қоғам, сыпайы Нельсон Мандела

Мен ұмыта алмаймын, бірақ, кешіре аламын.

Ілмектер: ұмыту, кешіру Нельсон Мандела

Қоғамды өзгерту қиын емес, қиыны - өзіңді өзгерту.

Ілмектер: өзгеру, өзіңді өзгерту, қоғам Нельсон Мандела

Ең мықты адам – қорқынышты жеңген адам.

Ілмектер: адам, қорқыныш, жеңу Нельсон Мандела