Өлең, жыр, ақындар

Халел Досмұхамедұлы

Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге кел­ген.


Нақыл сөздері

Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады.

Ілмектер: жат сөз, сөз, тіл Халел Досмұхамедұлы

Әдебиет тілінің қаруы — баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.

Ілмектер: әдебиет, мектеп, баспа, тіл, ел Халел Досмұхамедұлы

Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады.

Ілмектер: ел, тіл Халел Досмұхамедұлы

Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады.

Ілмектер: мектеп, тіл, сөз, ана тіл Халел Досмұхамедұлы

Сондықтан оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері.

Ілмектер: ел, тіл, мәдениет Халел Досмұхамедұлы

Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.

Ілмектер: қаза тілі, тіл, ғылым Халел Досмұхамедұлы

Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.

Ілмектер: мәдениет, білім, тіл, жұрт, бай Халел Досмұхамедұлы

Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.

Ілмектер: ақын, өнер, борыш, тіл Халел Досмұхамедұлы

Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.

Ілмектер: тіл, жұрт, жан Халел Досмұхамедұлы

Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате.

Ілмектер: ана тілі, қате, жат, сөйлеу Халел Досмұхамедұлы

Қарап көріңіз