Шырын Мамасерікова

Шырын Мамасерікова - 1945 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Т.Рысқүлов ауданының Қарақыстақ мекені, «Жалпақсаз» ауылында туған. 1963 жылы Жамбыл педучилищесін, 1967 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік пединститутының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Меркі ауданындағы Гранитогор мектеп-интернатында мұғалім болып бастаған. Кейін аудандық халық ағарту бөлімінде методист, Меркі аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры қызметтерін атқарған. «Нәзік нақыш», «Гәкку», «Назерке», «Жыл құстары »,« Әулие бабам — Сыпатай», «Өлеңімнің әр жолы — өмірбаян», «Фатима», «Асылдың сынықтары», т.б. кітаптардың авторы. Ойға тарта жыр жинақтарына топтамалары енген. Бірнеше рет республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегер! болды.

«Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» (2000) медалімен, 2001 жылы ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», аудандық, облыстық әкімшіліктің Құрмет грамоталарымен марапатталған.



nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)