Мұхтар Құрманалин

Мұхтар Құрманалин - 1927 жылы 10 қазанда Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауданында (қазір Әйтеке би атында), Аралтөбе елді мекеніне таяу ауылда туған. Ашаршылық жылдары ата-анасы Сыр бойына қоныс аударып, балалықшағы Қазалы ауданының «Дихан» ұжымшарында (кейін Ғ.Мұратбаев атында) өткен. Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін Қазалыдағы педагогикалық училищеге, сонан соң Қызылорданың Н.Б,Гоголь атындағы (қазір Қорқыт баба атында) институтына түскенмен, тұрмыс жағдайының қиындығына байланысты оқуын одан әрі жалғастыра алмады, Бірнеше жыл ауыл мектептерінде ұстаздық етті. 1958 жылы журналистік қызметке ауысты. Ақтөбе облыстық, Батыс Қазақстан өлкелік газеттері редакцияларында бөлім меңгерушісі болды. Осы жылдары оның өлеңдері облыстық, республикалық газет-журналдарда жиі жариялат бастады. Мәскеулік ақын Вл.Савельевтің аударуымен «Вечный огонь» деген жыр жинағы орыс тілінде басылды. Ақынның таңдаулы өлеңдері қазақ поэзиясы антологиясына (1977) енген. 1971-1987 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болды. «Жалын», «Балауса» баспалары жариялаған жабық конкурстардың екі дүркін жүлдегері. Қазір зейнеткерлік демалыста.

«Қазақстан республикасы халық ағарту ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.


Өлеңдері







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)