Өлең, жыр, ақындар

Октавиан Август

Октавиан Август, (лат. Octavianus Augustus (б.э. дейінгі 63-ші жыл - б.э.14-ші жыл) - рим императоры, римдік саяси қайраткер, принципат (сенатор), Ұлы понтифик (pontifex - абыздық алқа мүшесі), консул. Август (лат. augere - «игілік беруші» деген мағына) - мәртебелі, текті есім, б.э.дейінгі 27-ші жылы сенат берген есімі. Гай Октавий - туған кезде берілген есімі. Б.э. 44-ші жылдан бастап өкіл әкесінің атына сәйкес Гай Юлий Цезарь Октавиан деген атпен белгілі болған. Октавиан деген атын өзі ешқашан қолданбасада, б.э. дейінгі 44-27-ші жылдар аралығындағы кезеңге ағылшын тарихшылары оны Октавиан («бұрынғы Октавий» деген сөзді білдіреді) деп атауды жөн санаған. Август есімін (грек.тілінде «Севастос») Римнің кейінгі барлық императорлары да алған, бірақ тарихшылар бұл есімді басқалары үшін қолданбаған.


Нақыл сөздері

Қарап көріңіз