Эссе және өлең-жыр байқауы

Марк Твен

Марк Твен ( 30 қараша 1835 жыл, Флорида, Миссури, АҚШ — 21 сәуір 1910 жыл, Реддинг, Коннектикут, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған. Гуманист және демократ.


Нақыл сөздері

Мақтаулар — жақсы нәрсе, мадақтар да әдемі нәрсе ғой, алайда махаббат — адамның өз мінезі мен мүмкіншілігінің арқасында жеңіп алатын баға жетпес қазынасы.

Ілмектер: мақтау, мадақ, махаббат, қазына, мінез Марк Твен

Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.

Ілмектер: атақ, қызмет, адамшылық Марк Твен

Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім.

Ілмектер: мектеп, тапсырма, білім, кедергі Марк Твен

Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды.

Ілмектер: әке, ақымақ, ақылды, жыл Марк Твен

Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге.

Ілмектер: дос, қате Марк Твен

Батылдық- қорқыныштың жоқтығы емес, ол өз бойыңыздаңы қорқынышты өзіңіз басқару, соны ақылмен шешу.

Ілмектер: батылдық, қорқыныш, ақыл Марк Твен

Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.

Ілмектер: өмір, өтірік, статистика Марк Твен

Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.

Ілмектер: жақсылық, есту, көру, керең, соқыр Марк Твен

Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой.

Ілмектер: сыйлау, ренжу, пенде Марк Твен

Ақша қажет болса бөтен адамдардан сұра, ақыл керек болса досыңмен сырлас, ал саған ештеңе қажет болмаса туыстарыңа бар.

Ілмектер: ақша, туыс, дос, ақыл Марк Твен

Жақсы кітап оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ.

Ілмектер: кітап, адам Марк Твен

Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.

Ілмектер: афоризм, қасиет, сөз, мағына Марк Твен

Бірнәрсені енді жасамаймын деп уәде берсем болды, сол нәрсені жасағым келеді де тұрады

Ілмектер: әдет Марк Твен

14 жасымда менің әкем ақымақ болатын, зорға шыдайтынмын. Жасым 21-ге келгенде әкемнің 7 жыл ішінде қалай ақылды болып кеткеніне таң қалдым.

Ілмектер: бала, мысқыл Марк Твен

Темекіні тастау ең оңай іс, өз басым 30 рет тастаған шығармын

Ілмектер: темекі, Әдет Марк Твен

Адамзат ең қуатты қаруға ие, ол күлкі

Ілмектер: күлкі, қару Марк Твен

Жас ол тек сіздің санаңызда ғана, егер ол туралы ойламасаңыз ол жоқ деген сөз

Ілмектер: адамның жасы Марк Твен

Адам өзіне ырза болмай, өмірге де ырза бола алмайды

Ілмектер: Өмір Марк Твен