Өлең, жыр, ақындар

Нұрғали Ораз

Нұрғали Ораз (25 тамыз 1960 жылы туған, Қазығұрт ауданы Монтайтас ауылы) — жазушы, Халықараралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003). ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1982). «Жалын» баспасының жетекші редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың бірінші орынбасары, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Алғашқы «Долана» әңгімесі 1979 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Арман қанатында» атты жинақта жарық көрді. Шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Д. Голсуорсидің, Х. Л. Борхестің, И. Кавабатаның, И. Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған. «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Парасат» журналы сыйлықтарының иегері. Әңгімелерінің желісі бойынша "Қазақфильм" киностудиясы 2007 жылы "Әуредең" деп аталатын толықметражды көркем фильм түсірді.


Қарап көріңіз

Пікірлер