Өлең-жыр байқауы

Джон Кеннеди

Джон Фицджералд Кеннеди (ағылш. John Fitzgerald “Jack” Kennedy, JFK деген лақап атымен; 29 мамыр 1917, АҚШ, Массачусетс штаты, Бруклайн қаласы — 22 қараша 1963, Техас штаты, Даллас қаласы) — АҚШ-тың 35-президенті (1961 – 63).

Ирландиядан шыққан миллионер отбасында дүниеге келген. Лондонның экономика мектебін және Гарвард университетін бітірген. 1941 – 45 ж. АҚШ-тың Тынық мұхиттағы Әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1945 ж. журналистикамен айналысты. 1947 – 53 ж. АҚШ Конгресінің төменгі палатасының депутаты, 1953 – 61 жылы сенатор, 1961 – 63 ж. АҚШ президенті болды.


Нақыл сөздері

Не адамзат соғысты құртады, не соғыс адамзатты құртады.

Ілмектер: адамзат, соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Кеннеди