Өлең, жыр, ақындар

Жалау Мыңбаев

Жалау Мыңбаев (1892, бұрынғы Адай уезі Құнан-Орыс ауылы – 16.11. 1929, Алматы) – мемлекет қайраткері. 1905 – 08 жылдары Форт-Александровскідегі (Ақтау қаласы) екі сатылы орыс-қазақ мектебінде білім алған. 1917 жылдан Маңғыстау уездік кеңесінің мүшесі. Сол жылы желтоқсанда Түркістан (Қоқан) автономиясын Маңғыстау өңірі адайларының қолдайтындықтарын білдіру мақсатында Қоқанға барды. Мұстафа Шоқаймен осы жолы танысқан ол, 1919 жылы көктемде оны теңіз арқылы шетелге шығарып салды. 1919 жылы «Бірлік» жастар ұйымының төрағасы, 1920 – 23 жылдары Маңғыстау уездік атқару комитетінің азық-түлік бөлім бастығының орынбасары, Адай уездік милиция бастығы, Адай уездік ревкомының (1923 – 24) төрағасы қызметтерін атқарды. Мыңбаев БК(б)П 14-съезінің, қазақ облыстық 3 – 5 партия конференцияларының, Қазақстан кеңестерінің 4 – 6-съездерінің делегаты болды. Қазақ АКСР Кеңесінің 5-съезінде Қазақ АКСР ОАК-ның төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте жүріп республикадағы барлық басқару органдарын жергіліктендіру (қазақтандыру) ісіне басшылық жасады, халықтың әлеуметтік жағдайын және денсаулық, оқу-ағарту, мәдениетін жақсартуға күш салды.


Нақыл сөздері

Тіліңді жоғалту, су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.

Ілмектер: тіл, қараңғы, қасірет Жалау Мыңбаев

Қарап көріңіз