Өлең, жыр, ақындар

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Мына заман қай заман,
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке,
Өлшеуі жоқ бай заман.

Ілмектер: заман, қоғам, өсек, араздық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.

Ілмектер: адамгершілік, ар, ақыл, адам, қиянат, мақтан, өзімшілдік Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ызақор - қабаған төбет тәрізді.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, ызақор, ызақорлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Әркім өзінің еккенін орады.

Ілмектер: еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адал еңбек еткен ел-жұрттың - көңілі шат.

Ілмектер: еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қиянат қылма адамға - таза еңбек істе заманға.

Ілмектер: қиянат, еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Құмарың - бір, ісің - көп болсын.

Ілмектер: құмар, еңбек, іс Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адам үшін еңбек ет.

Ілмектер: адам, еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өзімшілдің іші - тар, ойы - шартық.

Ілмектер: өзімшілдік Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.

Ілмектер: сөз, әдет, мінез, тағдыр Шәкәрім Құдайбердіұлы

Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Ілмектер: талап, білім, өнер, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жігіттер күн болды ойланарлық...
Асыл сол ақыл, білім бойда барлық.

Ілмектер: ақыл, білім, жігіт Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады

Ілмектер: адам, мал, мақтан, соғыс, өлім Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.

Ілмектер: Ынсап, рақым, ар, ұят Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.

Ілмектер: адам, жақсылық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.

Ілмектер: Көз, көңіл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жоқтық егіндігіне бір бидай еге алмасаң, барлық қырманынан жалғыз арпа да ала алмассың!

Ілмектер: Бидай, Арпа Шәкәрім Құдайбердіұлы

Арыстан көрнеу келеді. Қарақұрт пен шаян жасырынып шақса да, уыты аса зиянды.

Ілмектер: арыстан, қарақұрт Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.

Ілмектер: қанағат, адал, еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қарап көріңіз