Өлең, жыр, ақындар

Сейтен Сауытбеков

Сейтен Лиманұлы Сауытбеков (1907-1997) Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Қызылжар уезі, 4-ші ауыл) Төңкеріс ауылы, Мүсірепов ауданында дүниеге келген. Әкесі Лейман молданың арқасында он үш жасында араб тілін жетік меңгеріп, Құран сүрелерін жатқа білген.

ҚР Мемлекеттік Ұлттық кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде аудармашы (көне араб-парсы тілдері) болып ғылыми қызметпен айналысты. С.Сауытбеков екі мыңнан астам көне араб-парсы тілдерінде жазылған түркі халықтарының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Көп жылғы аудармашылық қызмет барысында Сауытбеков көнепарсы, урду, қадим, жәдид, тәжік, өзбек, қарақалпақ, татар, ұйғыр, түрік, әзербайжан, қарашай-черкес, құмық және жиырмаға жуық шығыс халықтарының тілін меңгерген. Сейтен Лейманұлы көптеген өлеңдер мен әңгімелер жазған.



Қарап көріңіз