http://a-brands.kz/

Виссарион Белинский

Виссарион Григорьевич Белинский (11.6.1811, қазіргі Финляндия, Свеаборг қаласы — 7.6.1848, Санкт-Петербург) — орыс әдебиетшісі.
Мәскеу университетінде оқыған (1829 — 32).
“Телескоп” (1833), оның қосымшасы "Молва” (1836), “Московский наблюдатель” (1838), “Отечественные записки” (1839) журналдарында қызмет істеген. Студент кезінде “Дмитрий Калинин” драмасын жазған (1830).


Нақыл сөздері

Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс.

Ілмектер: тағдыр, адам, тәрбие, нақыл, афоризм Виссарион Белинский

Махаббат — өмірдің өлең-жыры, жарық күні.

Ілмектер: махаббат, өмір Виссарион Белинский

Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.

Ілмектер: жастық шақ, мұрат, әдемілік Виссарион Белинский

...маскүнемдікке, мешкейлікке салыну — тағылардың қылығы.

Ілмектер: маскүнемдік, мешкейлік Виссарион Белинский

...үрей атаулының бәрін білім жеңеді.

Ілмектер: білім Виссарион Белинский

Мөлдір кіршіксіз алғашқы махаббаттың алғашқы сәті ынтызарлықтың жоқтығы емес, өзін-өзі көрсетуден сескеніп жатқан ынтызарлық. Алғашқы махаббат осыдан басталады.

Ілмектер: алғашқы махаббат, махаббат Виссарион Белинский

Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.

Ілмектер: жалған, өтірік, талант, ақыл, ой Виссарион Белинский

Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.

Ілмектер: батыр, шындық, ерлік, адамгершілік Виссарион Белинский

Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.

Ілмектер: отан, сүю, адамшылық Виссарион Белинский

Әйелің — көңілдесің емес, бүкіл ғұмырлық досың, әрі серігің, демек, оны біз егде тартқан әйел болған шағында да, кемпір болған кезінде де сүюге ерте бастан ойланып, дағдылана білуіміз ләзім.

Ілмектер: әйел, дос, кемпір, сүю Виссарион Белинский


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)