Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Серікбай Оспанов

Серікбай Оспанов - 1945 жылы 1 сәуірде Торғай (қазіргі Қостанай облысы) облысындағы Жангелдин ауданының «Шилі» кеңшарында, «Балдай» қонысында туған.

1968 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968 — 1978жж. Қазақ радиосында, республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған. Қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Алғашқы топтама өлеңі 1967 жылы «Жер жүрегі»,1969 жылы «Жас керуен» атты ұжымдық жинақтарға енген. Бірнеше жыр жинақтарының, аударма өлеңдердің, балаларға арналған тақпақтардың авторы.