Өлең, жыр, ақындар

Мақсұтбек Майшекин

Майшекин Мақсұтбек — ақын, драматург. Қазақстан Республикасының еңбек сіңген өнер қайраткері (1961). 1920 - 1941 жылдар кеңес мекемелерінде түрлі қызметте еңбек еткен. 1941 - 1962 жылдар Қазақ радиосында редактор қызметтерін атқарған.

Еңбектері: "Жылдар жемісі" (1957), "Көркемөнер шеберлері" (1959), "Жүсіпбек Елебеков" (1964), "Жаяу Мүса" (1966), "Портреттер" (1969), "Қалибек Қуанышбаев" (1972) очерк-кітапшаларының, 100-ге жуық ән мәтіндерінің ("Біздің ән", "Шаттық әні", "Жастар", "Кең дала", "Орденді Қазақстан", "Тыңға сапар", "Бәрінен де сен сұлу", т.б.) авторы. Майшекин ұлттық музыкалық мәдениетін насихаттауға елеулі үлес қосқан ақын.


Қарап көріңіз