Шал Құлекеұлы

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны.

Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Ағайын жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады — таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

Ілмектер: ағайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы

Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы

Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,
Патша болып мінсең де алтыннан тақ.

Ілмектер: алтын, патша, құдай Шал Құлекеұлы

Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерін жалқау жанның шала деп біл.

Ілмектер: жалқаулық, дана Шал Құлекеұлы

Дос болма майда тілді күлгенменен,
Беймағына сырты жылтырап жүргенменен.

Ілмектер: дос Шал Құлекеұлы

Шабан ат жаман аттан азбас, тегі.

Ілмектер: ат, тек Шал Құлекеұлы

Елу — ердің жасы екен, алпыс - бір сұмдықтың басы екен.

Ілмектер: кәрілік, адам жасы Шал Құлекеұлы

Жас сыны: қырықта — қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда — ашқарақ бөрідеймін, жетпісте — шала илеген терідеймін, жетпістен асып, сексенге келгенімде — кері кеткен перідеймін, тоқсанға келгенімде — торғайдаймын: атқа мініп, малымды зорға айдаймын, кемпір мен шалдан билік кеткеннен соң, отырып от басында ойбайлаймын. Тоқсан бесте - мен өзім тор болғамын, мүләйім отқа салған бор болғамын, кәрілік әбден езіп болғаннан соң – баланың баласына қор болғамын.

Ілмектер: жастық шақ, кәрілік Шал Құлекеұлы

Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.

Ілмектер: жетім, ат, құс, әйел Шал Құлекеұлы

Өткен қайтып келмейді, алғанын құдай бермейді.

Ілмектер: адам, өмір Шал Құлекеұлы

Кәрілік — күлге аунаған кәрі бура.

Ілмектер: кәрілік, адам, өмір Шал Құлекеұлы

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы

Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.

Ілмектер: жас, өмір, кәрілік Шал Құлекеұлы

Кәрілік қалдырады ұятқа.

Ілмектер: кәрілік, ұят Шал Құлекеұлы

Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.

Ілмектер: кәрі, өлім, жас Шал Құлекеұлы

Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды.

Ілмектер: көңіл, кәрілік, адам Шал Құлекеұлы

Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.

Ілмектер: ақыл, ми Шал Құлекеұлы

Жастық өтер, кәрілік жетер.

Ілмектер: жастық, кәрілік, өмір Шал Құлекеұлы

Адам әуелі бастан қартаяды.

Ілмектер: адам, қартаю, қарттық, бас Шал Құлекеұлы

Өткен іске өкінген өмір зая.

Ілмектер: өмір, зая, өкініш Шал Құлекеұлы







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)