Өлең, жыр, ақындар

Көсемәлі Сәттібайұлы

Көсемәлі Сәттібайұлы (1959 ж.т.) — жазушы, журналист. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген. Қаламгердің «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» деп аталатын ертегі-хикаяты «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармаларға жарияланған жабық бәйгесінде (1988) екінші жүлдеге ие болды. «Дарабоз» әдеби жабық бәйгелерінің бірнеше дүркін (2007-2008) жүлдегері. Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Жазушының «Шеткері үйдің жарығы» (1995), «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» (қазақ, орыс тілдерінде, 2000) және «Күнге ғашық өлкеде» (2001), «Тараздан тәберік», «Шындыққа қызығамын, шындықты аяймын...», «Шарбақтының жалғызы», т.б. кітаптары жарық көрген.


Қарап көріңіз