Бұқар жырау

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзді алар,
Ауыздағы сөзді алар,
Бойыңдағы әлді алар,
Бетіңдегі нұрды алар,
Етіңдегі шырды алар,
Аузыңдағы тісті алар,
Қолыңдағы істі алар –
Өлмегенде нең қалар?!

Ілмектер: қарттық, сексен, сексен бес, жас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жетпіс бес жасқа келгенде,
Жылуы болмас қойныңның,
Қаруы болмас сойылдың –
Өлмесең де жойылдың.

Ілмектер: қарттық, нақыл, афоризм, кәрілік, жетпіс бес, жас Бұқар жырау

Жетпіс деген жел екен.

Ілмектер: қарттық, жетпіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ханға жауап айтпасам — ханның көңілі қайтады,
Қандыра жауап айтпасам — халқым не деп айтады.

Ілмектер: хан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жауап Бұқар жырау

Арғымақтың жалы жоқ — жабылар жалымен теңесер,
Жақсылардың малы жоқ — жамандар малымен теңесер.

Ілмектер: жақсы, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, теңдік Бұқар жырау

Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды.

Ілмектер: үлгі, сөз, мата, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды,
Ел иесі бар болса — елі ала болмайды.

Ілмектер: ауыл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, ие Бұқар жырау

Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,
Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер.

Ілмектер: қазақ, қадір, ер, ағайын, жат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңіл қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да –
Үмітін жоймас адамзат!

Ілмектер: ажал, үміт, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Найзасының ұшы алтын.

Ілмектер: найза, алтын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны,
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны,
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны,
Өлмегенде не өлмейді — ғалымның xаты өлмейді.

Ілмектер: өлім, хат, ғалым, тау, ай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да — тартпай қоймас негізге.

Ілмектер: жаман, жақсы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,
Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге.

Ілмектер: тас, теңіз, бай, егіз, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жал-құйрығы қаба деп - жабыдан айғыр салмаңыз,
Қалың малы арзан деп - жаманнан қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз - жауға мінер ат тумас,
Жаман қатын алсаңыз - топқа кірер ұл тумас.

Ілмектер: жаман, қатын, ұл, айғыр, қанатты сөздер, афоризм Бұқар жырау

Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан.

Ілмектер: отын, жантақ, қатын, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Мал жинасаң қойдан жи — майы кетпес шарадан,
Ит жинасаң сырттан жи — мал бермейді қорадан.

Ілмектер: мал, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал, ерегіс.

Ілмектер: ерегісу, жанжал, ерегіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жаулық жолын сүймеңіз: мынау жалған сұм дүние өтпей қалмас демеңіз.

Ілмектер: жау, дүние, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Бұқар жырау

Арту-арту бел келсе — атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе — арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе — азулы сөйлер жүгініп.

Ілмектер: арғымақ, жанжал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Рулының — оғы қалса табылар, жалғыздың — тартатұғын жағы қалса табылмас.

Ілмектер: жалғыз, нақыл, афоризм Бұқар жырау