Өлең, жыр, ақындар

Бұқар жырау

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Ақ сұңқар құстың баласы — ұяда алтау болмас па,
Ұяда алтау болғанмен, оның ішінде біреуі — ең алғыры болмас па.

Ілмектер: алғырлық, ұя, қабілет, ұяда алтау Бұқар жырау

Қайырсыз итке мал бітсе — аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге.

Ілмектер: қайырсыз, мал, мүлік, мінез-құлық, адамгершілік Бұқар жырау

Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса — бір көруге зар болар.

Ілмектер: мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, көз, нұр, зар Бұқар жырау

Іштегі сыр — Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ — амал емей немене.

Ілмектер: сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Аспаннан биік тау болмас.

Ілмектер: тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, биік Бұқар жырау

Бауырыңнан қашқан күзен көрінбес.

Ілмектер: бауыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Шын жаратқан ұл болсаң - құдай тағалам өзі берер нәсіпті.

Ілмектер: нәсіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Берік байлаған шешілмейді.

Ілмектер: берік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Пейілі кең — кемімес, пейілі тар — кеңімес.

Ілмектер: пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.

Ілмектер: Алла, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ұрғашының жақсысының боз жорғадай бұлғаңы
Ұрғашының жаманының өсек болар құрғаны.

Ілмектер: өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Қара қылды қақ жарған әділді айт.

Ілмектер: әділет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз.

Ілмектер: жалғыз, кек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Құрсағы құшақ байлардан дәулет.

Ілмектер: дәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Анаң аңырап қалмайғай.

Ілмектер: ана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармағай.

Ілмектер: қарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Төрең тақтан таймасын.

Ілмектер: тақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.

Ілмектер: әйел, ұл, патша, нақыл, афоризм Бұқар жырау

Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай.

Ілмектер: жар, олжа Бұқар жырау

Әсіре пысық залымның тіліне еруге жазбасын.

Ілмектер: пысық, залым Бұқар жырау

Қарап көріңіз

Пікірлер