Өлең, жыр, ақындар

Тацит Корнелий

Тацит Публий Корнелий (шамамен 56 – 117) – Рим тарихшысы. Жас кезінен бастап Римде әр түрлі қызметтер атқарды. 88 ж. претор болды. Ол қолбасшы Агриколаның өміріне арнап “Агрикола” (97 – 98), герман тайпаларының қоғамдық құрылысы, діни наным-сенімдері мен тұрмысына арнап “Германия” (98) атты шығармалар жазған. Соңғы еңбегінде бұдан 150 жыл бұрын жазылған Ю.Цезарьдың жазғандарын толықтырды. 102 – 107 ж. жазылған “Көсемсөз шеберлері туралы” деген еңбегінде бұрынғы дәстүрлі көсемсөз өнерінің Флавийлер әулеті тұсында саяси дағдарысқа ұшырағанын айтады. “Тарих” (105 – 111) деп аталатын еңбегі 14 кітаптан тұрды. Онда 69 – 96 жылдардағы Рим империясындағы оқиғалар баяндалған. Бұл шығарманың 1 – 4 және 5-кітабының бас жағы ғана қазіргі уақытқа жетті. Өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Жылнамалар” атты тарихи еңбегі Римдегі 14 – 68 жылдар оқиғаларын қамтиды. Еңбек 16 кітаптан тұрды, оның 1 – 4 және 12 – 15 томдары ғана біздің заманға жеткен. Онда христиан тобы туралы жазылып, Израильден шыққан осы топтың Римді өртегені туралы баяндалады. Тацит өз еңбектерінде Рим империясының кемшіліктерін көрсете отырып, христиандықты аяусыз сынады.


Нақыл сөздері

Жарамсақтар — жаудың ең жаманы.

Ілмектер: жау, жарамсақ Тацит Корнелий

Қарап көріңіз

Пікірлер