Эссе және өлең-жыр байқауы

Базар Оңдасұлы

Базар Жырау Оңдасұлы Балқы Базар (1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, Өзбекстан, Тамды ауданы Жалпақтау деген жерде) – жырау. Руы – шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар аталып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау 15 – 16 жасында бала жырау атанады.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ.

Ілмектер: тіл, тіл туралы, Өмір Базар Оңдасұлы

Ханның бағы таярда -
Дұшпаны сырттан көбейіп,
Жаны ашыр досы аз қалар;
Бидің бағы таярда -
Үлгілі сөзден айырылып,
Әркімнің мінін қазбалар;
Байдың бағы таярда -
Танабын құдай тарылтып,
Қасынан қоңсы қозғалар.

Ілмектер: қоғам, мемлекет, заман, бақ, бай, дұшпан Базар Оңдасұлы

Ұмсынған жерге жетпесе,
Қайтады ердің райы.
Мінер ат, киер киімге,
Мұқтаж болған жігіттің,
Шықпайды ешбір шырайы.

Ілмектер: жігіт, байлық, кедейлік Базар Оңдасұлы

Тіріде - жанға тыным жоқ, қызыл тілде - буын жоқ.

Ілмектер: тіл, жан Базар Оңдасұлы

Ділмәр боп жүр бұл күнде,
Дым білместің талайы.
Жоқтықтан қолы байланып,
Кеңеске басы кірмей жүр,
Жігіттің не бір сығайы.

Ілмектер: байлық, кедейлік, жігіт Базар Оңдасұлы

Жаман болса алғаның - мақтасы қалың көрпе артық,
Қараға жауап бергеннен - аққа берген серт артық.

Ілмектер: жаман, пайдасыздық, керексіздік, артық Базар Оңдасұлы

Қу қанжыға жүйріктен - қаба жалды берік артық,
Жылуы жоқ тымақтан - баса киген бөрік артық.

Ілмектер: пайдасыздық, керексіздік Базар Оңдасұлы

Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай,
Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай.

Ілмектер: сөз, жақсы, жаман Базар Оңдасұлы

Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар,
Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар.

Ілмектер: жетім, дау, жігіт, жесір, пайдасыздық Базар Оңдасұлы

Тереңдігі - теңіздей, қайраты - қара өгіздей.

Ілмектер: батырлық, ерлік, қайрат Базар Оңдасұлы

Өмірде адам не көрмес: көтергенмен кеудесін - жақсыға жаман тең келмес.

Ілмектер: адам, өмір, жақсы, жаман Базар Оңдасұлы

Жақсы мен жаманның арасы - жер мен көктей.

Ілмектер: жақсы, жаман Базар Оңдасұлы

Ақылды әйел ерінің атын шығарады.

Ілмектер: әйел, ақыл Базар Оңдасұлы

Әр заманның өзіне лайық сөзі болады.

Ілмектер: сөз, асыл сөз Базар Оңдасұлы