Өлең, жыр, ақындар

Агата Кристи

Агата Мэри Кларисса Маллоуэн (ағылш. Agatha Mary Clarissa, Lady Mallowan), туылған кезде Миллер (ағылш. Miller), күйеуінің фамилиясымен Агата Кристи (15 қыркүйек 1890 — 12 қаңтар 1976) — детекивті проза авторларының ішіндегі ең танымал жазушы. Кристи 60 детективті роман, 6 психологиялық роман жəне 19 əңгімелер жинағын шығарды. Оның 16 пьесасы Лондон қаласында қойылған, кітаптары 4 миллиардтан астам тиражбен сатылып, 100 тілден көп тілге аударылды.


Туындылары Нақыл сөздері

Әңгімелер адамдарға ойлануға кедергі келтіру үшін ойлап табылған.

Ілмектер: әңгіме, ойлану, адам Агата Кристи

Әйелдің қартаюы – өмірлік трагедия.

Ілмектер: әйел, қарттық, нақыл, афоризм Агата Кристи

Басқа адамдарға керек нәрсені мен керемет білем деп ойламаңыз. Тек білгеніңізді бөлісуді ұмытпаңыз.

Ілмектер: білу, бөлісу Агата Кристи

Егер арманыңыздың орындалмайтынына көзіңіз жетіп тұрса, оны бірден тоқтатқаныңыз жөн. Құр үмітпен күн кешудің қажеті жоқ.

Ілмектер: арман, үміт Агата Кристи

"Өлі адамдар туралы не жақсы, не жаман ой айтылады" деген сөз бар. Бірақ мен онымен келіспеймін. Өйткені өлі адам туралы болса да, тірі адам туралы болса да тек шындықты айтқан дұрыс.

Ілмектер: өлі, ой, шындық, адам Агата Кристи

Қыз бен жігіттің бір-біріне бауыр басып қалуы - өмірге деген көзқарастарының бірдей болуынан басталады. Олардың ойлары әрқашан бір жерден шығады.

Ілмектер: қыз, жігіт, өмір, көзқарас, ой Агата Кристи

Ендігі жастардың барлық уақыты әңгімеге, жұмысқа, елдің тағдырына кетеді. Әрине ол өте дұрыс. Бірақ айтыңыздаршы, сол көңілді ме?

Ілмектер: жастар, әңгіме, жұмыс, тағдыр Агата Кристи

Өмірде керемет өнер туындыларын ыңғайсыз жерде немесе мезгілсіз уақытта көргеннен асқан қателік жоқ шығар. Шекспир соның кесірінен талай таяқ жеген.

Ілмектер: өнер, туынды, қателік Агата Кристи

Әйелдер әрдайым ер азаматтарынан адалдықты күтеді. Жылағанда жұбанышы, құлағанда қуанышы болғанды қалайды. Қандай да болмасын шешімді бірге қабылдағысы келеді.

Ілмектер: әйел, ер, жұбаныш, шешім Агата Кристи

Әйел адам әрдайым жолдасының жанында жүру керек. Егер болмаса, онда ол оны ұмытуға хақысы бар.

Ілмектер: әйел, ұмыту Агата Кристи

Егер сіз болашақ жарыңыздың өмірлік қағидаларын ұстана алмасаңыз, онда оған күйеуге шықпай-ақ қойыңыз.

Ілмектер: жар, қағида, күйеу Агата Кристи

Бақытты болған жеріңізге ешқашан қайтып оралмаңыз. Қайда жүрсеңіз де өзіңізді бақытты сезініңіз. Ал белгілі бір жерге қайтып барсаңыз, онда бәрі құриды.

Ілмектер: бақыт Агата Кристи

Мен сізді жас деп айтпағаныма ренжімеңіз. Себебі жастық шақ – ең тез өтіп кететін кез.

Ілмектер: жастық, жастық шақ Агата Кристи

Неке махаббаттан да көп нәрсені білдіреді. Ең бастысы – сыйластық.

Ілмектер: неке, махаббат, сыйластық Агата Кристи

Бұл өмірдегі ең үлкен бақытыңыз – бақытты балалық шағыңыз.

Ілмектер: бақыт, балалық шақ Агата Кристи

Мен өзімнің детектив романдарымның сюжеттерін ыдыс-аяқ жуып жатқан кезде табамын. Өйткені ол маған мүлдем ұнамайтын іс. Сол себепті басыма бірден өлім туралы ойлар келеді.

Ілмектер: іс, өлім, ой, роман, детектив, сюжет, ыдыс-аяқ Агата Кристи

Адамдарды күлкілі күйінде көрген кезде ғана сіз оларды қатты жақсы көретініңізді сезінесіз.

Ілмектер: күй, күлкілі, жақсы көру Агата Кристи

Таңертең оятқышыңыздың шырылдамай қалуы - өміріңізді өзгертіп жіберуі мүмкін.

Ілмектер: өмір, өзгеріс, таңертең, оятқыш Агата Кристи

Әрдайым дұрыс жүретін адамның өзі де жалықтырып жібереді.

Ілмектер: адам, жалығу Агата Кристи

Достарды екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Біріншісі - белгілі бір уақыт қана сіздің өміріңіздің қонағы болса, екіншісі – қандай қиындық туса да қасыңыздан кетпейтін жандар. Оларды бағалай білу керек. Өйткені олар өмір бойы сіздің қасыңызда болады.

Ілмектер: дос, өмір, қонақ, қиындық, бағалау Агата Кристи

Қарап көріңіз