Имам Раббани

Хазреті Имам Ахмед Раббани Үндістаннан шыққан ең үлкен әулие және ғұлама. 1563 ж Үндістанның Сарханд (Сиһринд, Сирхинд) қаласында туылған. Имам Раббани деген атпен танылған. Раббани – хикмет пен ілім иесі, ілімімен амал еткен, ілімі мен амалы толық, мінсіз және кәміл, кемел ғұлама дегенді білдіреді. Хижри жылсанағымен екінші мың жылдықтың жаңалаушысы болғаны үшін Мужәддиди Әлфи Сани, шариғат пен тасаууфты біріктіргені үшін Сыла есімі берілген. Хазреті Омардың тегінен болғаны үшін және Сарханд қаласынан шыққаны үшін есіміне Фаруқи және Сарханди сөздері қосылып айтылады.


Нақыл сөздері

Өткінші ләззаттарға, тез бітетін дүниеліктерге алданбау керек.

Ілмектер: өткінші, дүниелік, болмашы, маңыздылық, басымдық, приоритет Имам Раббани

Қарызынан бір тиын иесіне қайтару - көп алтын садақа беруден де жақсы.

Ілмектер: қарыз, садақа Имам Раббани

Көптеген кіші амалдар ниетпенен өседі, қаншама үлкен амалдар болса ниетпенен кішірейеді.

Ілмектер: ниет, дәйексөз, амал, цитата Имам Раббани


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)