Олжас Сүлейменов

Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның Еңбек Ері (18.05.2016 ж.)


Нақыл сөздері

Жазба деректерге көзсіз сену – тарихнаманың ғылымнан айырмашылығы осында жатыр.

Ілмектер: тарих, ғылым, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Тіл – жазба жәдігерлерде таңбаланбаған әлем жылнамасын сақтаушы құрал.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Мәжіліс үстінде қызық ойлар келеді. Өзіңді симфониялық музыка тыңдағандай сезінесің.

Ілмектер: мәжіліс, музыка, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен.

Ілмектер: шындық, надан, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Түркілік қоғамда әйелдердің кең құқықтар берілген, олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.

Ілмектер: мұрагер, әйел, қоғам, құқық, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Ілмектер: ғылым, надандық, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Ілмектер: игілік, ғылым, тіл, жазу, афоризм, нақыл Олжас Сүлейменов

Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орай тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.

Ілмектер: ақиқат, себеп Олжас Сүлейменов

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.

Ілмектер: ғылым, білім, нақыл Олжас Сүлейменов

Әдетте таңба атаудан бұрын шығады.

Ілмектер: таңба, аудан Олжас Сүлейменов

Этностар бір-бірін жеке тұлғалардың тоғысуы арқылы таниды.

Ілмектер: этнос Олжас Сүлейменов

Әдеби шығарманың мазмұны қоғамдық санадан нәр алып, тіл арқылы жүзеге асады.

Ілмектер: әдебиет, шығарма, тіл Олжас Сүлейменов

Өткен ғасырдың өзінде түрік тілінің сөздік құрамының үштен екісі парсы сөздерінен тұрады.

Ілмектер: парсы тілі, түрік тілі, сөз Олжас Сүлейменов

Құсбегілік – аңшылықтың ең көне түрі.

Ілмектер: Құсбегілік, аңшылық Олжас Сүлейменов

Адамға табын, жер, енді!

Ілмектер: адам, жер Олжас Сүлейменов

Қайсысын таңдау керек? Шекспирдің «Үнемі өзіңмен-өзің болып қалуы» ма, әлде оған кереғар «Өз бойыңдағы ең жақсы қасиеттерді жарқыратып ашу» ма? Елімізді көптен бірге мекендеп келе жатқан басқа да халықтармен бірге тығыз қарым-қатынаста дамыған жаңа қазақ ұлтының алдында тұрған қазіргі маңызды мәселе осы.

Ілмектер: қазақ, халық, таңдау Олжас Сүлейменов

Көшпелілер Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ, олар оқ-дәрі (порох) де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой солардан кем маңызды мәдениет элементтері деп кім айта алады?!

Ілмектер: көшпелілер, мұра, мәдениет Олжас Сүлейменов

Сөздік – тарихи мәліметтердің қайнар көзі.

Ілмектер: сөздік, тарих Олжас Сүлейменов

Шовинизм тарихи ойды ғылыми зерделеуге бөгет жасайды.

Ілмектер: шовинизм, ой, ғылым Олжас Сүлейменов

Жазу үрдісі де мәңгілік емес.

Ілмектер: жазу, мәңгілік Олжас Сүлейменов


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)