Өлең, жыр, ақындар

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.


Нақыл сөздері

Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір - ұстай көрме алыста жат.
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі-есі

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын.

Ілмектер: жауап, сөйлеу, сөз, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Білімдінің - аты өсер, білімсіздің - аты өшер.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Адамды білім сақтайды.

Ілмектер: адам, білім Жүсіп Баласағұни

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Ілмектер: білім, көңіл, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Әділдік жолын өзің аш.

Ілмектер: әділдік, афоризм, нақыл Жүсіп Баласағұни

Қылыш - ел шауып, қазына құрайды.

Ілмектер: қылыш, қару, қару-жарақ Жүсіп Баласағұни

Әділдік әкімдіктен күшті.

Ілмектер: әділдік, Әкімдік Жүсіп Баласағұни

Сөздің де уы бар.

Ілмектер: сөз, у Жүсіп Баласағұни

Түзу қисықпен жараспас,
Ез игіге қараспас.

Ілмектер: жақсы, жаман, игілік Жүсіп Баласағұни

Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады.

Ілмектер: жақсы, өсек Жүсіп Баласағұни

Бұл жалған бергенін алар, жиғаныңды шашар.

Ілмектер: дүние, жалған Жүсіп Баласағұни

Әділ сөз ащы көрінер.

Ілмектер: әділдік, сөз Жүсіп Баласағұни

Қоштасу — жүрекке салмақ.

Ілмектер: қоштасу, жүрек Жүсіп Баласағұни

Бәлеқорды байытпа, тәкаппарды өсірме.

Ілмектер: бәлеқор, тәкаппар Жүсіп Баласағұни

Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара.

Ілмектер: үй, көрші, жер, су Жүсіп Баласағұни

Саулық тілеп, табыс күтсең ісіңнен,
Жарамайтын сөз шығарма ісіңнен.

Ілмектер: саулық, табыс, сөз, іс Жүсіп Баласағұни

Бәлеқор жаныңда болса, бәледен бас алмассың.

Ілмектер: бәлеқор, бәле Жүсіп Баласағұни

Жарамсақтықтың жолы — жіңішке.

Ілмектер: жарамсақ Жүсіп Баласағұни

Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,
Өсиеті дананың — біл нақылды;
Адамға тән қасиет ішсе — тынар,
Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар!

Ілмектер: өсиет, нақыл, арақ Жүсіп Баласағұни

Қарап көріңіз