Өлең, жыр, ақындар

Уильям Шекспир

Уильям Шекспир (ағылш. William Shakespeare; 23 сәуір 1564 жылы, Стратфорд Эйвон, Англия — 23 сәуір 1616 жылы сол жерде) — ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі, кем дегенде 12 трагедия, 16 комедия, 6 тарихи хроника - соның ішінде бірнеше бөліктен тұратын 4 поэма және 154 сонеттен құралатын циклдар авторы. Оның пьесалары әлемнің түгел дерлік тірі тілдеріне аударылып, басқа авторларға қарағанда ең көп қойылады, Шекспирдің шығармалары ағылшының тілінің байытылуына орасан үлесін қосты. Мысалы, көптеген сөз тіркестері қанатты сөз ретінде күні бүгінге дейін қолданылады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.

Ілмектер: пікір, іс Уильям Шекспир

Қарға қанатын былғаса да ешкім байқамайды, ал аққуға дақ түссе, ешқашан кетіре алмас.

Ілмектер: дақ Уильям Шекспир

Ең жақсысы – бетке айтылған ақиқат.

Ілмектер: ақиқат Уильям Шекспир

Достық әлсізденген сайын, сыпайылық арта түседі

Ілмектер: достық Уильям Шекспир

Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда.

Ілмектер: ақымақтық, даналық, дерт, дос, жолдас Уильям Шекспир

Есім не береді? Раушангүлден раушангүлдің жұпары аңқиды, оны басқа атаумен атасаң да.

Ілмектер: есім Уильям Шекспир

Үндемеу – бейтараптықтың белгісі емес. Іші бос қалбыр ғана даңғырлайды.

Ілмектер: үндемеу, бейтарап Уильям Шекспир

Аз сөз алтын, салмағы сезіледі.

Ілмектер: сөз, алтын Уильям Шекспир

Қуанармын деп үміт етудің өзі де бастан кешкен қызығыңнан сәл-пәл ғана кем соғады.

Ілмектер: қуану, қызық, үміт, қуаныш Уильям Шекспир

Өзгенің күнәсін паш етуге асықпаңыз, өз күнәңізді санасаңыз, өзгенікіне жетпей қаласыз.

Ілмектер: күнә, паш ету Уильям Шекспир

Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.

Ілмектер: жетістік, ереже, артық, еңбек, үміт, білу Уильям Шекспир

Боранды күні берілген уәде тынық күні ұмытылады.

Ілмектер: уәде, күн Уильям Шекспир

Артық тамақ шашты ағартып қинайды,
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.

Ілмектер: тамақ, қанағат, ғұмыр Уильям Шекспир

Керенау ақылда әзілге орын жоқ.

Ілмектер: ақыл Уильям Шекспир

Кітап маған тақтан да қымбат

Ілмектер: кітап, білім Шекспир

Қарап көріңіз