Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Саади Ширази

Муслихаддин Әбу Мұхаммед Абдуллах ибн-Мушрифаддин, Саади Ширази (1203 — 10 ж. ш., Шираз қаласы — 9.12.1292, сонда) — парсы-тәжік әдебиетінің классигі. Шираз қаласында дін қызметкерінің отбасында өмірге келген. Саади 13 жасында әкесінен айырылып, өмір тауқыметін ерте тартқан. Бағдадқа келіп, Низамия медресесінде оқыды, кейін Мустанмирияда білім алды


Нақыл сөздері

Алтыны бар кісі айқайламайды.

Ілмектер: алтын, кісі Саади Ширази

Еңбексіз ғалым — жеміссіз ағаш секілді.

Ілмектер: еңбек, ғалым Саади Ширази

Ерлік қолдың күші де, семсерді сілтей білу өнері де емес, ерлік — өзіне-өзі ие болып, әділ болу.

Ілмектер: ерлік, әділдік Саади Ширази

Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі — жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас.

Ілмектер: ғылым, өмір Саади Ширази

Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану.

Ілмектер: қиын, сақтау, ұмыту, уақыт Саади Ширази

Көз - Құдайдың құдіреті мен өнерін көру үшін берілген, дос-жардың айыбын көру үшін емес.

Ілмектер: дос, өнеге Саади Ширази