Құтып

Құтып (?-1341) - ойшыл, ақын. Шын аты белгісіз. Ақ Ордада өмір сүрген. Азербайжанның ұлы ақыны Низамидің әйгілі «Хұсрау мен Шырын» поэмасын қыпшақ тіліне аударған. Бұл - дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына енген шығарманың қыпшақ тіліне тұңғыш тәржімалануы еді.


Нақыл сөздері

Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.

Ілмектер: гүл, бұлбұл, құс Құтып

Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.

Ілмектер: лашын, қарға, құс, аң Құтып

Көгершін үйренген жеріне қонады.

Ілмектер: көгершін, аң, құс, жер Құтып

Ұшқан құсты қуып жете алмайсың.

Ілмектер: құс, қуу Құтып

Шаян ініне тышқан сыймас.

Ілмектер: шаян, тышқан, аң Құтып

Кірпіге қулық жараспайды.

Ілмектер: қулық, аң, кірпі Құтып

Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.

Ілмектер: қоян, арыстан, іс, аң Құтып

Пеш ысыса - нан күйер.

Ілмектер: пеш, нан Құтып

Талай бөрінің түбіне түлкі жеткен.

Ілмектер: бөрі, аң, түлкі Құтып

Қазан көп қайнаса - ас бұзылады.

Ілмектер: қазан, ас, тамақ Құтып

Ақыл - білімге бастар жол.

Ілмектер: ақыл, білім Құтып

Оқ нысанаға ғана атылады.

Ілмектер: оқ, нысана, өсиет Құтып

Темірді жайлап иер болар.

Ілмектер: темір, өсиет Құтып

Құдықты көздеуі бар жерден қаз.

Ілмектер: құдық, тәлім, өсиет Құтып

Ойлай білген ер - көзсіз батырдан көп артық.

Ілмектер: ер, батыр, ой Құтып

Дем алу үшін - алдымен еңбек ету керек.

Ілмектер: еңбек, дем алу Құтып

Тасыған қазан - төгілер.

Ілмектер: молшылық Құтып

Бұлт шықса - бағбан бақшасын ойлайды.

Ілмектер: бұлт, ойлау, бағбан Құтып

Шатысқан істің шешімі - шыдам.

Ілмектер: іс, шешім, шыдам, шыдамдылық Құтып







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)