Эссе және өлең-жыр байқауы

Иоганн Вольфганг фон Гёте

Йоганн Вольфганг фон Гёте (нем. Johann Wolfgang von Goethe; 28 тамыз 1749, Франкфурт-на-Майне — 22 наурыз 1832, Веймар) — ұлы нeмic ақыны, дана ойшыл, табиғаттанушы. Жас кезiнен үйiнде арнаулы жан-жақты бiлiм алды, жетi-сегiз жасынан бiрнеше көне және еуропалық тiлдердi меңгердi, француз мәдениетiмен жетiк таныс болды. Лейпциг және Страсбург университеттерiн бiтiрдi. Гетенің рухани қалыптасуына Винкельман, Гердер және Шиллер үлкен әсер еттi. «Гец фон Берлихинген» (1773) атты драмасында реформация кезеңiндегi бүлiкшiл рыцарьдың бейнесiн ашып көpceттi. Бұл шығармасында романтизм ықпалы байқалды.


Нақыл сөздері

Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ.

Ілмектер: қабілет, бағалау, кемсіту Иоганн Вольфганг фон Гёте

Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.

Ілмектер: білу, іс Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның мойнында.

Ілмектер: адам, ақылды, дау Иоганн Вольфганг фон Гёте

Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады.

Ілмектер: адам, жақсылық, нәтиже Иоганн Вольфганг фон Гёте

Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.

Ілмектер: адам, қасиет, отан, махаббат, құрмет Иоганн Вольфганг фон Гёте

Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.

Ілмектер: адам, ой, мінез Иоганн Вольфганг фон Гёте

Әркім өз түсінгенін естиді

Ілмектер: түсінік Иоганн Вольфганг фон Гёте