Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Кез келген адамға батырдай болсам деген ниет, еліктеу тән.

Ілмектер: батыр, адам, нақыл, афоризм, ниет, еліктеу Бауыржан Момышұлы

Ерік дегеніміз — қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал.

Ілмектер: Ерік, қозғаушы күш, мақсат, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұрыс даласында басшы — сөздің адамы емес, тікелей іс-қимылдың адамы болуы керек.

Ілмектер: басшы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұйымшылдық бірлесіп ортақ міндет пен мақсатты орындауға ақылды, ерік-жігерді жұмылдыруға мүмкіндік жасайды.

Ілмектер: Ұйымшылдық, міндет, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерік-жігер Бауыржан Момышұлы

Тобыр — армия емес, армия да — тобыр емес.

Ілмектер: тобыр, армия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Күншіл — қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.

Ілмектер: Күншіл, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, қылмыс Бауыржан Момышұлы

Сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды.

Ілмектер: өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады.

Ілмектер: күншіл, күншілдік, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Басқалардың тасының өрге домалауы, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ, материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады.

Ілмектер: сезім, күншілдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күш-қуат Бауыржан Момышұлы

Кімде-кім мәдениеттің негізін бөлшектеуге жол берсе, ол адамға барлық жағынан айып пен әділ кінә тағылуға тиіс.

Ілмектер: мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, антогонизм жатады, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән.

Ілмектер: Ұлтшылдық, сүйіспеншілік, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрмет Бауыржан Момышұлы

Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм — бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті.

Ілмектер: Ұлттық рух, ұлттық патриотизм, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қасиет Бауыржан Момышұлы

Ешқашан өмірде үміттене алмаған адам ғана үмітін үзе алады.

Ілмектер: өмір, үміт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адамның басына түскен қайғыны бөлісе білушілік адамның бойында коллектившілдік сезімді тәрбиелеудің нәтижесі.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сезім Бауыржан Момышұлы

Жігерлендіру дегеніміз — рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй.

Ілмектер: Жігерлендіру, рухани күш, күш-қуат, сергектік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау — масқара болушылық.

Ілмектер: намыс, моральдық рух, масқара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету — намыс деп аталады.

Ілмектер: намыс, абырой, моральдық рух, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

Ілмектер: Ар, парыз, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

Ілмектер: парыз, ар, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әскери істе ес тәжірибені негіздеуге қызмет етеді.

Ілмектер: Әскери іс, тәжірибе, ес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қарап көріңіз