Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Жеке тәжірибе — ұлы іс, ол санада терең із қалдырады.

Ілмектер: тәжірибе, сана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Күдік — қорқыныштың бір түрі.

Ілмектер: Күдік, қорқыныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Көнтерілілік, көнбістік — асқақ адамның сергек ойына тұсау.

Ілмектер: адам, сергек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көнбістік Бауыржан Момышұлы

Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез, мінез-құлық Бауыржан Момышұлы

Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады.

Ілмектер: мақтаныш, ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерлік Бауыржан Момышұлы

Айбарлы адам тек айбарлы адамды ғана сыйлай алса керек, оның жасық жанды құрметтемесі әбден заңды.

Ілмектер: айбар, сый, құрмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген.

Ілмектер: халық, мақтаныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұлттық рух — ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті.

Ілмектер: Ұлттық рух, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қасиет Бауыржан Момышұлы

Ең қиыны — шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық пен сабырлылық көрсету, творчестволық тұрғыдан дұрыс, парасатты ойлай білу.

Ілмектер: шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық, сабырлылық, парасат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Түсіну талдаудан гөрі әлдеқайда күрделірек.

Ілмектер: Түсіну, талдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Командир көзсіздік жасап батылдық, батырлық, табандылық көрсетпей, есті бола алмаса керек.

Ілмектер: Командир, батылдық, батырлық, табандылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Көзсіздік — батырлық емес, есерсоқтық.

Ілмектер: Көзсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Командир — жеңістің атасы, табандылықтың жан-жүйесі, тұтқасы, коллективтің абыройы.

Ілмектер: командир, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жеңіс Бауыржан Момышұлы

Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет.

Ілмектер: қаталдық, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын.

Ілмектер: Қаталдық, әділ, адамгершілік, сезім, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өз міндетін ойлы көзбен қарау — командир қызметінің творчестволық негізі.

Ілмектер: міндет, командир, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жауынгерлік бақыт ұрыста командирге кездейсоқ келмейді, жеңіспен келеді.

Ілмектер: жауынгер, бақыт, командир, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ойланып тұжырым жасау ойлаған нәрсені орындағаннан күрделірек.

Ілмектер: ой, тұжырым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Армиядағы ең қиын шаруа — мойынсұну, бағына білушілік. Әмір ету — мойынсұнуға қарағанда одан да қиынырақ іс.

Ілмектер: армия, мойынсұну, әмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Халықтың атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу — жауынгерлік құрмет көрсету.

Ілмектер: жауынгер, құрмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қарап көріңіз