Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Оралхан Бөкей

Оралхан Бөкей (28.9.1943, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылы — 17.5.1993, Үндістан, Дели қаласы, Алматыда жерленген) — Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.


Туындылары Нақыл сөздері

Қанатыңмен ұшқанда,
Құйрығыңды ұмытпа.

Ілмектер: қанат, ұшу Оралхан Бөкей

Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,
Ешкім шығара алмас қиын есеп.

Ілмектер: өмір, жұмбақ Оралхан Бөкей

Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана.

Ілмектер: адам, әлем, ой, дос Оралхан Бөкей

Неғұрлым керең болсаң,
Соғұрлым жақсы естисің.

Ілмектер: керең, есту Оралхан Бөкей

Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым.

Ілмектер: махаббат, мәңгі Оралхан Бөкей