Эссе және өлең-жыр байқауы

Ыбырай Жақаев

Ыбырай Жақаев - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған.


Нақыл сөздері

Өмір бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан да, әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл!

Ілмектер: өмір, адам, нақыл Ыбырай Жақаев

Мен күрішке тек тағамдық дән деп қарамаймын. Ата-бабамның, атамекенімнің байырғы дақылы деп қараймын. Сондықтан жақсы көремін.

Ілмектер: күріш, дән, тағам Ыбырай Жақаев

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.

Ілмектер: табиғат, міндет, қорғау, жер, су, ауа, ағаш, қазына, нақыл, афоризм Ыбырай Жақаев

Еңбек — ырыстың қазығы.

Ілмектер: еңбек, ырыс Ыбырай Жақаев

Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. Соның тілін тауып, соған қызмет қыла біл.

Ілмектер: еңбек, қызмет, көпшілік Ыбырай Жақаев

Адам өзін еңбектен қалдырмағаны,
Қарттыққа аяғын алдырмағаны.

Ілмектер: еңбек, қарт, кәрілік Ыбырай Жақаев

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт Ыбырай Жақаев