Зат есімнің жекеше және көпше түрі.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

№99 орта мектебінің   мұғалімі  Ауықбасова  Кенескүл

 

Сабақтың тақырыбы:  Зат есімнің жекеше және  көпше түрі.

 Сабақтың мақсаты :

а)   Білімділік :  Оқушылардың  зат есім  жөніндегі  өткен сабақтардағы  алған білімдерін еске түсіру; тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру.

ә)  Дамытушылық : Балалардың  сөз байлығын , сауаттылығын , зат есім туралы  ұғымдарын кеңейтіп , жан – жақты шығармашылық қабілетін дамыту.

б) Тәрбиелік : Ұқыптылыққа , шапшаңдыққа баулып , жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі :  сұрақ –жауап , баяндау , талдау, ойын , дамыта оқыту

Көрнекілігі : Тірек сызбалар , жұмбақтар , мақал – мәітелдер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі .    Психологиялық дайындық

- Балалар байқаймысыңдар бізге қонақтар келіп отыр. Кәне , бәріміз  орнымыздан тұрып , бір – бірімізге жылуымызды беріп , қазақ халқының салты бойынша иіліп сәлем берейік .

Сәлеметсіздер ме, қонақтар ?

Сәлеметсіздер ме, күннің көзі , көк аспан ?

Сәлеметсіз бе, мұғалім ?

Сәлеметсіз бе,сен ?

Сәлеметсіз бе, мен ? – деп балалар хормен айтады.

  • Жақсы . Балалар көңіл күйлерің жақсы екен. Қазір Күн – ана , Жер –ана,

Су – ана сөздерінің мағынасына тоқталайық .

Күн ана -бүкіл тіршілікке жылу береді.

Жер ана – бүкіл тіршілікті нәрімен асырайды.

Су ана - жер жүзіне тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған – су.

 

Балалар !

Кәне , бері қараңдар,

Сабақты біз бастайық.

Үй жұмысын қиналмай ,

Лезде айтып тастайық

  1. Оқушылардан үй жұмысын тексеріп бағалау.
  • Қандай бөлімді өтіп жатырғанымызды еске түсірейік ?  - Сөз таптары.

Сөз таптары : 1.Зат есім2. Сын есім3. Сан есім4.Етістік

5. Есімдік6. Одағай7. Үстеу8. Шылау9. Еліктеуіш с/р.

 

Зат есім

Адамға  қатысты               Жан – жануарлар  мен заттарға                        Жалқы               Жалпы

Кім ?                                   Не ?  Нелер ?                                                           Зат есім

Кімдер?                              Гүл , гүлдер                                                  Жекеше             Көпше

Адам , адамдар

 

  1. Жаңа сабақ

    Кел, балалар , ойнайық,

    Ойнайық та , ойлайық .

    Қандай жұмбақ болса да ,

     Шешпей оны қоймайық.

Шешуінде заттың атын білдіретін жұмбақ жасырамын. Тез шешейік «Балапан» , «Қоян»

Келесі жаттығуымыз балапан  және қоян жайында болады екен.

Балапан , қоян.

400 – жаттығу.    Суретке қара .  Әр  сөздегі  заттардың  санын  анықта.

Сөздерді салыстырып оқы. Олардың бір – бірінен қандай айырмасы бар?

Балапан  – балапандар ,   қоян – қояндар

 Көркем жазу минуттары

Күннің реті мен тақырыптың аты жазылады.

Д д     Д д

Достар

Көру диктанты

Кел, балалар, оқылық !

Оқығанды көңілге ,

Ықыласпен тоқылық !

401 – жаттығу.  Өлеңді көшіріп жаз.

Біздің  ғалым  ағалар,                                                     Ашты  жолды  аспанға

Біздің  ғалым  апалар.                                                    Әлі  ұшамыз  алысқа,

                                                                                          Алыс  айға  марысқа.

 

Қарамен жазылған сөздің астын сыз . Не байқадыңдар ?

Ереже түсіндіру   .   Күй тыңдату.

402 – жаттығу. Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз. Көпше түрдегі зат есімдердің астын сыз.

Ауданда суретшілер жарысы өтті. Балалар сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарға сыйлық тапсырылды.

Сөз ұйқасын табайық.

  •  Лар , лар , лар

Қарқылдайды   ...   ....

  • Лер , лер , лер

Қандай мықты  ...  ...

 

403 – жаттығу.  Ребусты  шеш , шешуіндегі  сөздерді  қатыстырып  сөйлем  құра.

                    Инеліктер

Тікұшақты  инеліктерге  ұқсатып жасаған.

 

404 – жаттығу.  Берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздер тауып жаз.

-лар , - тер , - дар .

IV.  Ой толғаныс .     Семантикалық  карта толтырамыз.

 

        -лық 

       - дар

             -тар

          -ші

Оқу ...

Адам ...

Би ...

Ағаш ...

 

 

 

 

V .

Сөздер

Кім? Не?

  Не  істеді ?

 Қандай ?

Қанша? Неше?

 

Дәптер

Ұшты

Бес

Әдемі

Жеті

Оқушы

Таза

 

 

 

 

 

VI.    Бекіту.

                                                   Жалқы

Көпше                                    Зат  есім                          Жалпы

                                                 Жекеше

1.  Зат есім дегеніміз не ?

2.  Зат есім екіге  бөлінеді :    ... , ...  .

3.  Екі түрі болады :     ... , ...   .

4.  Жалқы есім дегеніміз не?

5.  Жалпы  есім дегеніміз  не?

 

VII.    Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.    Үйге тапсырма .

405 – жаттығу .  Ереже жаттау.                                                                 

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)