Өлең, жыр, ақындар

Алматы-бас қалам Жас қала-Астанам.

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Назгуль Смаилқызы Ильясова Ана тілі пәні Сабақтың тақырыбы: Алматы-бас қалам Жас қала-Астанам. Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыны Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы-бас қалам, Жас қала-Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру. 3) Патриоттық тәрбие беру. Түрі : Поэзия сабақ Әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, іздену, топтау әдісі, топтық жұмыс. Техникалық құралдар: Теледидар, бейне таспа, DVD. Көрнекілігі: Венн диаграммасы, сызба, кесте, сөзжұмбақ, суреттер,кітаптар көрмесі. Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, музыка. Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Геометриялық фигуралардың көмегімен оқушыларды топқа бөлу. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы -Поэзия сабағымызды Әбділдә Тәжібаевтің тіл туралы өлеңімен бастайық. Туған тілім-тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім менде бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. -Поэзия деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( Оқушы жауабы) Поэзия пайғамбары кім? (Оқушы жауабы) Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» өлеңі. 2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. -Үйге қандай тапсырма берілді? Авторы І.Жансүгіров туралы не білеміз? Сызбамен жұмыс. а) І.Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңін мәнерлеп оқыту. «ЖҰМБАҚТАС» аңызы. Бурабай көлі. Шөгіп жаткан бура бейнесі. ТӘҢІРДІҢ СЫЙЫ. Ең биік жері-Көкше шоқысы 947 м. Көкшетау-орманды-көлді тау. Бұл аймаққа денсаулығын түзету мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түпкір-түпкірінен, сондай-ақ шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. «Бурабайда» демалып келген оқушының бейне таспасын тамашалау. ә) Сызбамен жұмыс. (Көркем сөз) Қандай тау? Қандай тас? жомарт малта момақан маржан шипа меруерт -Көкшетауды тағы қай ақын жырлады? -С.Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасынан үзінді оқу. б) Венн диаграммасы С. Сейфуллин Көкшетау І.Жансүгіров 3.Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту кезеңі. 4. Мақсат қою кезеңі. а) Сабақтың мақсатын хабарлау. ә) Жаңа сабаққа даярлық кезеңі. М. Омаровтың «Астана» өлеңін тыңдату. -Мына хатқалтада әріптер бар, сол әріптерден сөз құрау керек. (Алматы, Астана) -Алматы, Астана қалалары жайлы не білеміз? (Оқушыларға өз білетіндерін әңгімелету). -Астана қаласына барып көргендерің бар ма? Астана қаласына барған оқушыларға сөз беру. Астана қаласында болған оқушының бейне таспасын тамашалау. Астана қаласының көрікті жерлерін көру. б) Венн диаграммасы АСТАНА АЛМАТЫ БӘЙТЕРЕК ҚАЛА МЕДЕУ ҚАЗІРГІ БҰРЫНҒЫ Астана Астана 5. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі а) Жарасқан Әбдірешов-белгілі ақын, балалар ақыны, кішкетайлардың үлкен ақыны. Алғашқы жыр жинағын балаларға арнаған. Оның өлеңдері неміс, өзбек, тәжік тілдеріне аударылған. Ж.Әбдірешовтің «Шежірелі шаңырақ» оқулығымен таныстыру. «Алфавит сыры», «Санамақ» өлеңдерін еске түсіру. ә) Оқулықпен жұмыс. «Алматы-бас қалам, Жас қала-Астанам» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Балаларға оқыту. б) « Астана қандай қала?» Кестені толтыру. Көрікті қала, бай қала, жас қала, сұлу қала, үлкен қала, әсем қала. қала қала қала қала қала қала в)Картамен жұмыс. Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде. Алматы-бас қала. 6. Түсінгендерін тексеру кезеңі. -Өлең мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсеңдер, қызыл түсті торкөзден «Астана»деген сөз шығады. Сөзжұмбақ шешу. -Қарт Алатауды автор кім дейді? (Қара) -Ақын Алматыны қандай қала деп атайды? (Бас) -Елге несі бар қала жарасады дейді? (Тауы) -Алашаны еске түсіретін қай өлке? ( Сарыарқа) -Астана қандай даланың сәні?(Керілген) -Сарыарқада қазақтың несі бар дейді? (Болашағы) Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу Алматы-бас қалам, Жас қала-Астанам. (Ж. Әбдірешов) а) Астана қаласы туралы эссе жазу. ә) Өздеріне ұнаған әсем қаланың суретін салу. 7.Қорыту. а) Өлең мазмұнын әңгімелету. ә) Сұрақ-жауап. ҚР неше елмен шектеседі? (5) - «Бәйтерек» монументінің биіктігі неше метр? Неліктен 97 м? Өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады? Туған жерін, Отанын жырлаған ақындарды ата. М.Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін жатқа айт. Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін жатқа айт. Алматы, Астана туралы қандай ән білесіңдер? Мына мақалды аяқта. Өз елім-өлең ....(төсегім). Әркімнің өз жері-....(жұмақ) Ел аралаған ...(сыншы) «Ұйқасын тап» ойыны. Ана тілін білмейтін адам...... (Ештеңені сезбейтін надан) 8.Үйге тапсырма беру кезеңі. А) Өлеңді жаттау. Ә) Астана, Алматы қалалары туралы мәліметтер жинау. Бағалау. -Сабағымызды Д.Әбіловтің «Астанаға ақ батасымен» аяқтайық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз