Өлең, жыр, ақындар

Бөлме өсімдігі

Жамбыл облысы, Талас ауданы,

Қаратау қаласы "Бәйтерек" балабақшасының 

тәрбиешісі  Ақшалова Жанар 

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.

 

Балалар бірге қайталайды.

 

Ұйымдастырушылық кезең

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-  Күз мезгілі.

- Сендер табиғаттан қандай өзгерістерді байқадыңдар?

 - Күн қысқарып, түн ұзарды.

Сурет бойынша әңгімелеу арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып береді.

- Балалар, дұрыс байқапсыңдар, тағы да қандай өзгерістер болады?

- Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауды, ауа-райы салқындады.

- Күз мезгілінде қандай мерекені  тойладық.

- Алтын күз.

- Ал, балалар, күз айларын атаңдаршы?  Қазір қай ай?

- Қыркүйек, қазан, қараша.

Назым, Нұрай, Еркежан, Аружан тақпақтарын айтады.

- Жарайсыңдар, балалар, күз туралы бәрін біледі екенсіңдер!

- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын табыңдар.

- Жұмбақтың шешуі: «Бөлме гүлдері».

Есік қағылып, қонаққа бөлме өсімдігін ұстаған гүлдер патшайымы келеді. Балалармен амандасып балғаннан кейін, өзін таныстырады да, балаларға гүлдер әлемінен сыйлық ала келгенін айтады. Гүлдер патшайымы:

- Балалар, мына гүлдің аты - Аспидистра.

- Балалар, мен сендерге осы бөлме гүлін «күтіп, баптасын, қамқор болсын» деп алып келдім. Мен қайтадан гүлдер әлеміне баруым керек, себебі, сонда мені көптеген өсімдіктер күтіп отыр. Сендерге тәрбиешілерің осы гүлмен жақсылап таныстырып береді.

- Аспидистра гүлі бұл бөлме гүліне жатады. Аспидистра өсімдігінің жапырағы ұзын, қабығы жылтыр және жұқа болады. Тамыры бар. Жапырақтың астында жасырынып жатыр. Аспидистра гүлі жарықты жақсы көреді. Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай суару керек. Қыста суаруды азайту қажет.

Сергіту сәті:

Күн болып жайнайық,

Мөлдір су болып ағайық,

Гүл болып жайқалып,

Терең-терең дем алып,

Жүгіріп, жүгіріп алайық.

 

Сергіту жаттығуын қимыл іс-әрекеттермен жасайды.

- Балалар, теледидардан гүлді қалай отырғызу керек екенін қарайық. Ыдысты алып, түбіне тас, одан соң жапырақ салып, өніп тұрған гүлдің тамырын жапыраққа орналастырады.

1. топырақ

2. тамыр

3. сабақ

4. жапырақ

- Балалар, енді  Д/о: «Ғажайып гүл» ойынын ойнайық.

- Суретттерді өсу ретімен қояйық.

Топырақ, ауа, су, жарық, гүл қопсытқыш.

Практикалық жұмыс:

- Балалар, енді осы гүлдерді қалай күтіп, баптау керектігін мен сендерге айтайын. Олай болса гүлді жарық жерге қойып, күтім жасайық.

1. Топырақты таяқшамен қопсытамыз;

2. Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз;

3. Су құямыз;

4. Жапырақтарына су бүркейміз.

Балалар мұқият қарап отырады.

- Табиғат бұрышындағы бөлме гүлдеріне күнделікті осылай күтім жасап отырамыз. Ал, балалар, айтындаршы, бөлме гүлінің дұрыс өсуіне не қажетті екен?

- Ауа, жарық, су, топырақ.

- Не қайда өседі?

Бөлме гүлімен дала гүлін бір-бірін ажырату

- Балалар, осы бізді қоршап жатқан не екен білемісіңдер?

- Табиғат.

- Табиғат дегеніміз не?

- Табиғат екіге бөлінеді.

- Дұрыс, жанды және жансыз болып екіге бөлінеді.

-Ал, жанды табиғатқа не жатады?

Балалардың сұрақтарға жауап береді

- Дұрыс айтасыңдар. Енді бүгінгі танысқан бөлме өсімдігі қай табиғатқа жатады?

- Жанды немесе тірі табиғатқа жатады

- Олай болса, балалар, карточкалармен жұмыс жасаймыз. Ол үшін үстінгі жолақшаға тірі немесе жанды табиғатты, ал астынғы жолақшаға өлі немесе жансыз табиғатты орналастырайық.

Рефлексифті түзету

- Жарайсыңдар, балалар. Сонымен бүгін біз немен таныстық?

- Бөлме өсімдігімен.

- Гүлдің аты қалай аталады екен?

- Аспидистра.

- Бүгінгі оқу іс-әрекетінде немен айналыстық, нені үйрендік?

- Гүлді отырғызуды, күтіп, баптауды.

- Күз мезгілінде қандай мерекені тойладық?

- Алтын күз.

- Олай болса, балалар, «Күз береке» әнін шырқайық.

Күтілген нәтижелер:

Біледі: Өсімдіктердің құрылысын, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруді, өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.

Игерді: Аспидистра өсімдігінің құрылысын, олардың айырмашылығын, өсуіне не қажеттілігін.

Меңгерді: Бөлме өсімдігін күтіп, баптауды, оларға қамқорлықпен қарауды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз