Эссе және өлең-жыр байқауы

«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы

«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы ( қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары)

1. Түсінік хат

10 сынып

 

1. Оқу бағдарламасы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген  Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік  жалпыға міндетті  стандартына сәйкес әзірлеген.

2. Білім беру саласы  оқушының технологиялық және еңбек мәдениетін, жеке тұлғаны еңбек етуге, азаматтық және патриоттық  сезімге тәрбиелеуге, бұйымды жобалау, конструкциялау және дайындау негізінде, материалдарды,  энергиялар  мен ақпараттарды  қайта өткізуге байланысты, практикалық  мәселелерді шығармашылықпен шешу үшін оқушылардың бастапқы түсініктері мен біліктіліктерін  қалыптастыруға, нарықтық еңбек жағдайына байланысты кәсіби бейімделуіне бағытталған.

3. Оқу пәнінің мазмұны оқушының жеке  тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағытты қараластырып:

1) қауіпсіздік техникасы және  еңбекті қорғау;

2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;

6) электротехника және электроника негіздері;

7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік  білім бере отырып оқытуды көздейді.

5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне  бағытталған  функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар,  технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.

6. Оқу міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық  материалдарды өндеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске  асыру бойынша жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиядық ойлау қабілетін және еңбекке  деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекетті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдері меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;

2) «Қазақстан тарихымен»: қазах халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;

3) «Алгебрамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;

4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед формулаларды және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;

5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;

6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;

7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалықреволюция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;

8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;

9) «Денешынықтыру»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.

8. Технология пәнінің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген:

1) 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылына 34 сағатты құрайды;

2) 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылына 34 сағатты құрайды.

9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар арқылы оқыту нәтижелері айқындалып, оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды (ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндеттті шарты болып табылады.

10. оқушылардың дайындық деңгейі үш көзқарас (аспект) ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі әс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

1. Технология (қыз балаларға арналған) 10 сыныптың соңында  оқушылар:

1) азық-түліктерді өңдеуге температуралық режімін;

2) тағамды өңдеудің ұзақтығын сақтаудың санитарлық талаптары мен маңызын;

3) бисквит және қайнатпалы  қамыр дайындау технологиясы және өнімді безендіруді;

4) санитарлық-гигиеналық талаптар мен қауіпсіздік техникасын;

5) өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды білу/ түсіну тиіс.

1) асүй жабдықтары, құралдар  және құрылғылармен жұмыс істеуді;

2) бисквит және қайнатылған қамыр дайындауды;

3) кондитерлік өнімдерді безендіруді;

4) киімді жобалау және  модельдеуді;

5) өлшем алуды  және есептер жазуды;

6) сызбаны түсінуді және сызуды;

7) бұйым бөлшектерін калькаға немесе қағазға көшіруді;

8) матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды;

9) пішім бөлшектерін өңдеуге меңгеру тиіс.

2. Жеке тұлға нәтижелері, 10 сынып оқушылары

1) мемлекеттік және ана тілін білу, қазақ халқының және Қазақстан территориясында тұратын  басқа этностар тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлері  мен басқа құндылықтарына құрметпен қарау;

2) оқуға деген жауапкершілік  көзқарасын  қалыптастыру, мамандықтар әлемінде  хабардар  болу;

3. Жүйелік –әрекеттік нәтижелері; 10 сынып оқушылары

1) өндіріс саласындағы кеңінен пайдаланатын технологиялары негіздері бойынша білім жүйесін игергенін;
2) ғылыми мәлеметтерді талдауға, өндеуге, синтез жасауға және қолдануға икемділігін;

3)таңымдық, жобалау, құрылымдау және зерттеу, шығармашылық тұрғыдан қолдану әдістерін игергенін;

4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларын игергенін;

5) дамыған коммуникациялық қабілетін, көптілді мәдениетін игергенін;

6) мұғаліммен және жолдастарымен оқу қызметтестіктерін  және бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуін;

7) өз сезімдерін, ойларын және қажеттіліктерін білдіру үшін, өз іс-әрекеттерңн жоспарлау және реттеу үшін, коммуникация  мақсатына сәйкес, саналы түрде сөйдеу құралдарын пайдалана білуін; ауызша және жазбаша тілдерді, монологтық мән мәтіндік тілді игергенін;

8) экологиялық ой-пікірін қалыптастыру және дамытуын, оны практикалық еңбек ету іс-әрекетінде және кәсіптік бейімделуде қолдана білуін көрсете білу керек.

 

Технология 10, сынып аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат

Рет №

Сабақ  №

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

I

 

Тамақ әзірлеу технологиясы

9

 

 

1

1

Тамақтану мәдениеті, кондитерлік өнімдер дайындауға арналған ыдыстар мен азық-түлік тізімі

1

 

 

2

2

Санитарлық – гигиеналық талаптар және қауіпсіздік ережелері

Пәнге кріспе

1

 

 

3

3

Бисквит және қайнатпалы қамыр дайындау технологиясы

1

 

 

4

4

Өнім мөлшері, технологиялық реттілігі, бисквит қамыры мен дайын бисквит сапасына қойылатын талаптар

Сұраныс және ұсынныс

1

 

 

5

5

Крем әзірлеу, азық-түлік мөлшері, әзірлеу реттілігі және технологиясы

1

 

 

6

6

Қайнатпалы крем, қаймақ кремі, жұмыртқаның ақ уызынан жасалған крем

Нарықтық тепе-тендік

1

 

 

7

7

Бисквит рулеті

1

 

 

8

8

Бисквит торты

Өндіріс

1

 

 

9

9

Қазақ халқының десерттік (тәтті) тағамдары

1

 

 

II

 

Иық бұйымдарын жобалау, конструкциялау, модельдеу және дайындау

16

 

 

10

1

Иық бұйымдарын конструкциялау, модельдеу және дайындау (койлек, әйел жейдесі(блузка), халат, көкірекше (жилет,жекет) – таңдау бойынша

Фирмалар

1

 

 

11

2

Эскиз, костюм композициясы, силуэт, түсі, пропорция туралы түсінік

1

 

 

12

3

Өлшем алу жіне иықты бұйым сызба негізінің құрылымы. Еркін қонымдылыққа арналған  қосымшалар

Бәсеке  

1

 

 

13

4

Тұтаспішім негізіндегі тігін бұйымдарын (халат) модельдеу

1

 

 

14

5

Спорттық типтегі көйлекті модельдеу жіне конструкциялау, дайындау технологиясы.

Бағалы қағаз нарығы

1

 

 

15

6

 Қондырма жеңді модельдеу (фасондық сызық жүргізу арқылы), негізгі бүкпе орнын ауыстыру.

1

 

 

16

7

Жағалар және өңір түрлері

Биржа

1

 

 

17

8

Жаға сызбасының құрылымы

1

 

 

18

9

Бұйым бөлшектерін қатырмалау (өңір асты, жаға, қаттама)

Қаржы бизнес

1

 

 

19

10

Іскерлік костюмдермен танысу, жекет, көкірекше (жилет) және белдемшені нұсқау карта бойынша дайындау

1

 

 

20

11

Иықты бұйымды дайындау технологиясы (аналитикалық, технологиялық және бақылау), киімді көркемдеп әрлеу

Ақша және қаржылық бизнес

1

 

 

21

12

Өлшем алу, иық бұйымдарының сызбасын құрастыру (тор, артқы бой, алдыңғы бой)

1

 

 

22

13

Жаға, қондырма жең құрылымы

Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң

1

 

 

23

14

Жеңді, бұйымды модельдеу

 

 

 

24

15

Бел сызығындағы бүкпенің есеп – құрылымы (қынамалы және жартылай қынамалы бұйымның силуеті)

Сақтандыру

 

 

 

25

16

Әйел жейдесі және белдемшені модельдеу

 

 

 

III

 

Жоба

9

 

 

26

1

Бұйымды таңдау бойынша жобалау және дайындау

Бизнес-тарих

1

 

 

27

2

Бұйымды таңдау бойынша жобалау және дайындау

1

 

 

28

3

Бұйымды таңдау бойынша жобалау және дайындау

Бизнес-тарих

1

 

 

29

4

Жобалық жұмыстарды дайындау (дизайн папкасы)

1

 

 

30

5

Жобалық жұмыстарды дайындау (дизайн папкасы)

Қорытынды сабақ

1

 

 

31

6

Жобалық жұмыстарды дайындау (дизайн папкасы)

1

 

 

32

7

Жобалық жұмыстарды дайындау (дизайн папкасы)

Бизнес-тарих

1

 

 

33

8

Берілген модельді дайындаудың техникалық паспорты, жобаны қорғау

1

 

 

34

9

Берілген модельді дайындаудың техникалық паспорты, жобаны қорғау

1

 

 

 

 

Барлық сағат саны

34

 

 

 


Пікірлер (3)

ЕРКИНБЕК ЖАҚСЫ ДАИЫНДАЛҒАН

РАХМЕТ МАҒАН 11 СЫНЫПТАР ЖОСПАРЫ КЕРЕК ЕДІ

АЛЬМИРА80 КОШЕРОВА

11 сыныптар сабақ жоспары керек еди

' лола

Рахмет керекті жайттар ара екен

Пікір қалдырыңыз