Өлең, жыр, ақындар

 Ана, сен БАҚЫТТЫСЫҢ! 8 сынып

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

«Қаракөл жалпы орта білімберетін

мектеп– балабақшасы» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Рамазанова Гүлзия Қайырғалиқызы

 

Тақырыбы: Ана, сен БАҚЫТТЫСЫҢ!

Мақсаты:

Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
         Оқушыларға әжелерін, аналарын, апа-қарындастарын, ұстаздарын сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. «Ана – оқушы – ұстаз» ұғымдарын ынтымақтастыру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

Түрі: Дәстүрлі емес

Әдісі: мерекелік концерт

Көрнекілігі:шарлар, гүлдер, сыйлықтар, мақал - мәтелдер.

Мұғалім:

 Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, құрбы-құрдастар, ару қыздар, көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жеткен төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілейміз. Осы мерекеге орай 7 сынып оқушыларының «Ана, сен - БАҚЫТТЫСЫҢ» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!

Хор: "Анаға сәлем"

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
2-жүргізуші:

Ана, Ана, Ана... осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында "Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың" деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Олай болса бүгінгі мерекелік кешіміздің тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ.

1-жүргізуші:

Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан ол – АНА. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды, береді, рухтандырады.

2-жүргізуші:

Өздеріңізді шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1-жүргізуші:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашанда ардақтап,

Әжеге бас иеміз – дей келе ортаға сыныбымыздың сұлулары Утегенова Айым мен Нұрбекова Нұргүлді ортаға шақырамыз.

Ән: «Асыл әжем»

2-жүргізуші:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

1-жүргізуші:

Аналар адамды бесігімен баулиды...  Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп,  ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді.

Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
2-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- демекші, алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз 7 сынып қыздарын ортаға шақырамыз.

Би: "Жастар"

1-жүргізуші:

Өнеріміз өрде тұрса байқарсыз,

Таңданыстан басыңызды шайқарсыз.

Мың бұралып шыр айнала билесек,

Өмір бойы мақтанышпен айтарсыз.

Күлкі естілсе барлығы жалт қарасар,

Қалжың менен жараспаққа таласар.

Әзіл мен әні, қалжыңы мен қияметтен жарасқан,

Сыныбымыздың дарынды шәкірттерін шақырайық ортаға.

КВН көріністері.

2-жүргізуші:

Ана деген - бастауы ұлылықтың,

Ана деген – рәмізі сұлулықтың

Ана деген – бір жыр бар шырқалатын,

Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса Нұрбекова Нұргүлді қарсы алайық,

Дауысына сүйсініп тамсанайық.

Ерке қыздың талантына тәнті болып,

Уа, аналар, жұмыла қол соғайық.

Ән: «Анаға хат»

1-жүргізуші:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

2-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды.-деп  шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
Көркем сөз оқитындар:

Владимирова Ақбота "Ана махаббаты" /А.Бақтыгереева/,

Еңсепова Аяулым "Анама" /М.Жұмабаев/

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Сембаев Мерхаттың  орындауындағы «Алтын ана» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән: "Алтын ана"

2-жүргізуші:

Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті 7 сыныптың биші қыздарының орындауындағы «Үнді» биіне береміз
.

Би: "Үнді"

1-жүргізуші:

Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті Ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

2-жүргізуші:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтіне нәр алған.

Анаға бас иеміз,

Туған елдің тілі деп.

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз.

1-жүргізуші:

Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борыштармыз дегіміз келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс! Олай болса сыныбымыздың алтын ұя мектебіміздің аяулы ұстаздарын, мейірімді тәрбиешілерін, ару қыздарын ыстық ықыласпен, шын жүректен тамаша көктем мерекесімен құттықтай отырып, балалық бал сезіммен сіздерге арнап "Кешір ана" әніне түсірілген бейнеклипті тарту етеді. Мерекелеріңіз құтты болсын! Бала жүрекпен, шын ниетпен сіздерге сыйлық тарту етеміз!
Бейнеклип: "Кешір ана"/Сыйлық үйлестіру/

1-жүргізуші:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, 
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ!

2-жүргізуші:

О, аналар осындайсың бәріңде,
Осындайсың жасындағы кәріңде,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге,
сы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Олай болса, Нұрбекова Нұргүл, Утегенова Айымның және   7 сынып оқушыларын орындауындағы "Ана туралы баллада" әнін қабыл алыңыздар.

Хор: "Ана туралы баллада"

2-жүргізуші:

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра,

нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра, - демекші қоңыр үнді қазақтың қара домбырасына кезек берейік. Сыныбымыздың күйшісі Орынбасарова Айгүлді ортаға қошеметпен шақырамыз.

Күй: "Ерке сылқым"

1-жүргізуші:

Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерін қуаныштан кім аяған

Жаңа биді сіздерге шашу етем – дей келе сыныбымыздың биші қыздарын ортаға қошеметпен шақырамыз.

Би: «Жастар»

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықылас қоя тыңдап, зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Әрбір пән мұғаліміне біздерге жан-жақты білім бергені үшін алғысымыз шексіз.

1-жүргізуші:

Мейлі бол ұлы тұлға,

Мейлі жет тайсалмастан ұлы шыңға.

Ұмытпа! Ол-ұстаздың жақсылығы,

Болмайды оны мәңгі ұмытуға.

Ұстаз деген-асылдың ақ сынығы,

Ұлылықтың таусылмас ақ шырыны.

Қалықтап жетсең егер биіктерге,

Ұмытпа, ол да ұстаздың жақсылығы!-дей келе сіздерге арналған бейнероликті тамашалаңыздар.

Бейнеролик: "Ұстаз-мектеп жүрегі" / сыйлық үйлестіру/

2-жүргізуші:

Бүршік жарып бір сезім төсімізде,

Алғаш қалам ұстадық есімізде.

Нұржамал апай өзіңізді,

Әдейілеп шақырдық кешімізге.

1-жүргізуші:

Дастан мен жырларды жаттатқызған,

Апайым Мөлдір қымбат маған.

Сабырлы да салмақты қалпыменен,

Қажымай үйретуден бір танбаған.

2-жүргізуші:

"Орыс тілі" дегенменнен,

Келтірді көп қиындық.

Гүлнәр апайдың арқасында,

Білмейтініміздің бәрін білдік

1-жүргізуші:

Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі,

Тым еңбекқор,жан тым әдемі.

Шет тілімен шәкірттерін қашан да

Зейнеп апай сусындатып жүреді

2-жүргізуші:

Бұл далаға хан орда орнаған ба,

Батырлары даласын қорғаған ба?

Ауызды ашып салады, Айман апай

Тереңінен тарихтың толғағанда.

1-жүргізуші:

Талай ел айналған аты аңызға

Есімізде көрсеткен картаңыз да

Жердің бетін армансыз танып білдік

Лариса апа өзіңіздің арқаңызда

2-жүргізуші:

Бір қалыпты тұрады неше көрсек,

Жанаргүл апай өз ісін кешеді өлшеп

Өмірдің де шытырман есептерін

Сіз секілді үнемі шеше білсек.

1-жүргізуші:

Физиканың заңдары анық аңыз,

Сол заңдарды өмірде сан ұғамыз

Ом,Ампер,Фарадей, Ньютондарды

Гүлнәр апайдың арқасында танығанбыз

2-жүргізуші:

Өнегелі, өзекті.

Жұмабике апай өмір жайлы сөз етті.

Өзін-өзі тану пәнінде

Әдепті болуды үйретті

1-жүргізуші:

Апайымның тындырымды әр ісі,

Қызға үйрету шеберлікті-жұмысы

Баян апайым болмаса,

Тоқтағандай еңбек пәні тынысы.

2-жүргізуші:

Алдымызда қол бұлғар асқақ арман

Үлкен өмір-ендігі басталар ән

Осы күнге жеткізер жетекшіміз

Гүлзия апай жақындау басқалардан

Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер! НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

1-жүргізуші:

 «Әйел деген әдемі ғой әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді» - деп ақиық ақын, Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали атамыз жырлап өткендей, Әйел Анаға жететін жан бар ма екен? «Анаңды 3 рет Меккеге арқалап апарсаңда қарызыңнан құтыла алмайсың» дейді ұлыларымыз. Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?

2-жүргізуші:

Сондықтан да Ана жайлы ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан. Олай болса келесі кезекті сыныптағы поэзия жанрына жаны жақын, қара өлеңді сүйіп оқитын оқушылар аналарға, ару қыздарға, ұстаздарға арнап өлең жолдарын оқуға шақырамыз.

Көркем сөз оқитын:  Дастанова Айгерім "Ана сен бақыттысың" /М.Мақатаев/

1-жүргізуші:

Аналар деп келеді гүл көктемдер,

Аналардың сүтімен ержеткендер.

Өнерлерін күйменен селдеткендер,

Тамсандырар сендерді бұл жігіттер - дей келе сыныбыздың биші серілері Медетов Өмірсерікпен Есқабыл Әлиханды ортаға шақырамыз.

Би: «БРЭК»

2-жүргізуші:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.- деп Қадір атамыз айтқандай, келесі кезекті  әнге берейік. Ортаға Сембаев Мерхатты  қошеметпен шақырамыз.
Ән: "Анаға сый"

1-жүргізуші:

Арулар-аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар-тіршілікке күретамыр,

Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар, дей келе әдемі ару қыздарымызға арнап түсірілген келесі бейнероликке назар аударып біздің аздаған сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

Бейнеролик: "Сыныбыздың сұлулары"/сыйлық үйлестіру/

2-жүргізуші:

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Берсе барлық адамға ана мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.- деп ортамызға сегіз қырлы бір сырлысы Медетов Өмірсерікті ортамызға қошеметпен шақырайық.

Ән: "Анамның тілі"                          

1-жүргізуші:

Ән әуені көгімізде самғайды.

Көңілдерді қуанышқа жалғайды.

Әнмен бірге мен ұшамын аспанға,

Қос қанатым мәңгі бақи талмайды – деп келесі кезекті сыныптың барша оқушыларын ортаға шақырамыз.

Хор: «Ана туралы жыр»

2-жүргізуші:

«Аналар – ау, менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар, асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім,

Сенің арқаң мына өмірге келгенім.

1-жүргізуші:

Айналайын қазақ деген халқымнан,

Таймаса екен рухани қалпынан.

Өнері бар саналатын құндылық,

Жеткен бізге ата-баба салтынан.

2-жүргізуші: Мейірім төккен әжелер!

1-жүргізуші: Ардақты аналар!

2-жүргізуші: Аяулы апалар!

1-жүргізуші: Ақкөңіл жеңгелер!

2-жүргізуші: Қылықты қыздар

1-жүргізуші:

Әрқашанда сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер!

2-жүргізуші:

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі Құсанқызы Айман апайға береміз.

1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз