Өлең, жыр, ақындар

Жай бөлшектерді қосу мен азайту

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Сарыбастау ауылындағы орта мектептің

Математика пәнінің мұғалімі: Ералиева Салтанат Бектурсыновна

 

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу мен азайту  /есептер шығару/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшектерді қосу және азайту ережелерін есептеулерде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білім дағдыларын, шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік:  оқушылардың белсенділігін арттыру, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа, басқаның еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақты өткізу формасы: жалпы-сыныптық, жекелей.

Сабақты өткізу әдісі: репродуктивті әдіс, сұрақ –жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, тест, бағалау парақшасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

г)  Үш топқа бөлу:  оқушыларға  дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшек,аралас сан деп жазылған үлестірмелер таратылады. Көшбасшылар сұраққа жауап бере отырып қайсысы сұраққа жауап берсе сол жауапқа сай бөлшек санды өз тобына жинайды.

1-сұрақ : Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтір.

2-сұрақ: Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтір.

3-сұрақ: Аралас сан қай бөлшектен шығады? Қандай бөліктерден тұрады?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №478 .   Берілген үй тапсырмасын әр топтан бір оқушы оқиды, қалғандары дәптерлерінен өзін-өзі тексереді. Топ көшбасшылары бағалау парағына тиісті бағасын қояды.

ІІІ. Өткен сабақ бойынша қайталау үшін әр топқа үлестірмелер тарату.

Тест      1 топқа

 

 2 топқа

3-топқа   Кестені толтыр

ІУ. Есеп шығаруға дайындық

 « Ережені білеміз бе?»  ойыны Үш топқа үлестірме тарату

 Төмендегі орындары ауыстырылып берілген сөздерден дұрыс ережені құрастырып айту

1. Өзін Бөлшектерді Бөлімнің Қосып Бөлімдері Олардың Бірдей Қалдыру Қосқанда Алымдары Керек

2. Ортақ Бірдей Бөлшектерді Керек Бөлімдері Келтіріп Қосу Бөлімге Әр Түрлі Қосу Кіші Оларды Үшін Бөлімдері Бөлшектерді Ең

3.  Бөлшек Онда Кіші Егер Алымы Ол Болады Бөлшектің Дұрыс Бөлімінен Болса.

У. Практикалық кезең Оқулықтан № 479-484

УІ. Үйге тапсырма  1 топқа №501 , 2 топқа №502,3 топқа №503 есептерді  шығару жөнінде нұсқау беру.

  Сабақты қорытындылау, бағалау

Рефлексия: “Аяқталмаған сөйлемдер”
* Бүгін мен........................................................... білдім

*.............................................................................. қызықты болды.

*................................................................................. қиын болды.

*................................................................................. екенін түсіндім


Пікірлер (2)

Жанерке

Жазған адам ойы жаксы екен бары дурыс. топтасуга жаксы пыкырлерын жазыпты

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз