Өлең, жыр, ақындар

Ою-өрнек түрлері

 

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Қызыл-төбе елді мекені

 №2 орта мектебі

 Утегенова Жибек Жаналиевна

Технология пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: «Ою-өрнек түрлері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік беру. Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру. Шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының салт-дәстүрлерін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Өз бетінше орындауға үйрету, өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.

Сабақтың типі: білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схемалар, ою-өрнек үлгілері, суреттер.

Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, математика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

3. Үй тапсырмасын сұрау. Қызығушылығын ояту.

Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау, бекіту.

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, кілем, киіз, зергелік бұйымдар, ұлттық киімдер, т.б.)

ІІІ. Жаңа сабақ.

- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Оюы көптің-өрнегі көп, Өрнегі көптің ермегі көп», - яғни ою үлгілеріне назар аударайық!

         1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік.

Біздің ата-бабамыз қолөнермен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып, ою-өрнектермен безендірген.

Ою-өрнек деген сөз латын тілінен алынған, «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.

         2. Ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп, түсіндіру.

Әр өрнектің астында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.

Мүйіз тектес өрнектер - мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.

Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі – ағаш, т.б. бұйымдарында кездеседі.

3. Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып, қағазға жапсыру. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету.

 

Сарамандық жұмыс.

  1. Ботакөз оюы
  2. Сынық мүйіз оюы

 

Жұмбақ шешу.

         Таптым, таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға.

(түйе, түйетабан, ботакөз, өркеш)

 

         Қыз есімімен аталатын өрнек. (Ботакөз)

 

         Арқалаған тауы бар,

Іші толған қоры бар. (Түйе)

 

ІV. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)

  1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
  2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
  3. Көбіне қолданылатын өрнек?
  • Ал енді, балалар, бүгінгі сабақты қорытындылай келе, мына кестені толтырамыз. INSERT әдісі. /Білемін Білдім Білгім келеді/

 

V. Қорытындылау. Бағалау.

Оқушылардың жұмыстарын талдау.

 


Пікірлер (3)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз