Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ә.Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасындағы тірек мектебі (РО)

Сарбаева Жауһар 2 деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы:

 

«Топтық  жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі»

 

Мақсаты:

Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс-тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау

 Күтілетін нәтиже:

Бағалау әдістерімен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастарды түсінеді. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдісін тәжірибесінде қолданады.

Түйінді идеялар:

Білім саласындағы қарқынды даму кезеңіндегі мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Флипчарт қағаздары, стикер, интерактивті тақта, презентация, маркер, қалам, желім, түрлі-түсті қағаз, қайшы, смайликтер, тарелкалар, салынған тарелка суреті, сэндвичтер

Оқыту әдістері мен модульдер:

ОүБ және оқуды бағалау,

АКТ,

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

Оқытудағы басқару және көшбасшылық,

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

1. жұптық жұмыс

2. топтық жұмыс

Тапсырмалар:

Топ ережесін құру,  Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін постермен жұмыс, «Қалдықсыз технология» атты тапсырмада берілген заттар, қайшы, желім арқылы көрмеге бұйым жасау, формативті бағалау, сергіту сәті, жұппен жұмыс, рефлексия.

 

Сабақтағы іс-әрекеттер

 

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру. «Сиқырлы  заттар дүкені»

(2 мин)

Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру.

 

Дүкеннен өздеріне керекті заттарды таңдап, өз мінез-құлықтарына қатысты жағымды мінездеме тыңдайды.

 

Презентация

Топқа бөлу

(1мин)

 

 

Дүкеннен сатып алған заттарыңызға «көрімдік» деп шашу шашу. Шашудағы конфеттің түсіне қарай шағын топқа бөлу. Топ ережесін құру.

Шашуды жинап алып, шашудағы конфеттің түсіне қарай топқа бөлінеді

Топ ережесін ескереді

конфеттер

«Сағат дос» стратегиясы

(1мин)

Сағат таратып береді

Өзі кездесетін адамды таңдайды

Сағат суреттері

«Топтық жұмыс ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін»

Түсінік картасын сызады.

Топпен жұмыс

«Түртіп алу» стратегиясы

(15 мин)

Топтарға мәтіндер  береді, бақылайды, бағыттайды.

 

 

 

 

 

Мәтінмен танысады, постер толтырады.

 

Флипчарт, маркер, мәтін

«Сағат дос» стратегиясы

Жұппен жұмыс

(4мин)

Бақылайды

Достарымен кездеседі, өз тобының мәліметін түсіндіреді

сағат суреті

Формативті бағалау

«Бас бармақ» тактикасы

Іс-әрекетті дұрыс бағалау үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашады

Жұбын формативті бағалайды

 

 

«Галереяны шарлау» стратегиясы

(4мин)

Бақылайды

I топ мүшелері II топтың постерін толықтырады, ал II топ I топтың постерін толықтырады.

Маркер, стикер

«Кір жаю» стратегиясы

(10мин)

Тыңдайды, толықтырады.

Топтар өз постерлерін қорғайды

Кір жаятын жіп, қысқыштар

Формативті бағалау

«Бағдаршам» тактикасы

«Бағдаршамды » түсінгенін анықтау үшін қолданыңыз.

Мысалы:

Қызыл түс– түсінген жоқпын;

Сары түс–тағы да практика қажетсұрақтар бар;

Жасылтүс–барлығытүсінікті.

Өзара бағалайды

Бағдаршам

«Австралия жауыны»

сергіту сәті

(2 мин)

Ұстаздарға шартын түсіндіреді

 

Қолды уқалайды, алақанды ұрады, санды ұрады, саусақты шықырлатады

 

Критериалы бағалау жүріледі

(5мин)

Пілдің суретін салғызады.

Критериалды бағалау туралы түсінік береді.

Пілдің суретін салады

 

«Тарелка» стратегиясы

(5мин)

«Топтық ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін» тақырыбы бойынша сұрақ дайындатады

Жазған сұрақтарын екінші топқа береді, өздері екінші топтың сұрағына жауап береді

Тарелка

Формативті бағалау

Смайликтер арқылы

Формативті бағалауға ұсыныс жасайды

Өзара бағалайды

 

Формативті бағалауды үйрету арқылы  логикалық ой шеберлікке, сын ойлауға, іскерлік дағдыға,  уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру.

(10 мин)

Тапсырма «Қалдықсыз технология» өндірісі

Әр топқа қызыл түсті қағаз, қайшы, желім, жіп беру арқылы көрмеге бұйым  жасату.

 

Берілген заттарды пайдаланып көрмеге бұйым жасайды.  Әр топтан бір қатысушы шығып қорғайды.

 

 

 

«Шапалақ» тактикасы арқылы бағалату

Бағалауға ұсыныс білдіреді

Екінші топтың жұмысын формативті бағалайды

 

Қорытындылау

«Ыстық орындық»

(5 мин)  

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» деген не? Осы тақырып негізінде сұраққа жауап беруге өжет авторды ортаға шақырады

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша авторға сұрақ қояды

Орындық

Рефлексия

«Кері байланыс Сэндвичі» немесе «Мадақтау сэндвичі»

(5мин)

1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;

2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;

3 қабат  – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады , дегенмен келесі жолы 

Стикерге өз көңіл-күйлерін, сабақтан алған әсерлерін бағалайтын сөздер жазады.

Салынған тарелка суреті, сэндвичтер

 


Пікірлер (3)

Лаззат

Жақсы

Лаззат

Жақсы

Saulezhan

Рахмет , коучинг маған ұнады. Мұғалімдер үшін құнды ресурс екен!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)