Өлең, жыр, ақындар

Графикалық редактор Paint

№17 сабақ                                                          Мерзімі:  20.01.2016 ж                                  5-сынып

 

Тақырыбы:  Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу.

Күтілетін нәтиже:

Қарапайым графикалық редакторда сурет үзінділерін ерекшелеуді үйрену. Paint графикалық редакторында сурет үзінділерін тану.

Paint графикалық редакторының сурет үзінділерінің ерекшеліктерімен танысу.Суреттің үзінділерімен жұмыс істеу.

Орындаушы Paint графикалық редакторының сурет үзінділерін түрлендіру әдісін меңгеру.

Paint графикалық редакторында сурет үзінділерін ереушелеу тәсілдерін талдау.

Сурет үзінділерімен жұмыс кезінде Paint графикалық редакторының құралдарын қолданудың маңыздылығын көрсету.

Сурет үзінділерімен жұмыс істеудің маңыздылығын ерекшелеу.

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ VІ.

 

 

І. АҚПАРАТ алмасу    11 бөлім.   Білу-түсіну  15-МИНут

 

 

1.    Ұйымдастыру  3 мин

 

2.   Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет бөліктерімен, мәтінмен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру,өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді пайдалана отырып сурет салуға үйрету. Компьютерге  деген қызығушылықтарын арттыру, еңбекке тәрбиелеу, ойларын тиянақтап, жинақтай алуға қалыптастыру.

 

3.  Тақырып жоспары:

Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

Сурет үзінділерін ерекшелеу кезіндегі командалар.

Сурет үзінділерімен жұмыс істеу.

 

1 - тақырыпша. Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

 

4. Фрагменттерді ерекшелеу және олармен жұмыс істеу

Көбінесе салынып біткен сурет бөліктерін, яғни оның фрагментін пайдалана отырып басқа суреттік бейнелерді салуға тура келеді. Paint редакторында сондай фрагменттерді ерекшелеп алып, басқа орынға ауыстыруға мүмкіндік беретін де аспаптар бар, ол фрагменттер уақытша алмастыру буферіне орналастырылып, басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін.

 

5.  Аспаптар тақтасын фрагменттерді ерекшелеуге арналған Тіктөртбұрышты және Фигуралы қайшылар бар.

Тіктөртбұрышты қайшы арқылы    фрагментті ерекшелеу экранда тіктөртбұрыш салу әдісін еске түсіреді. Ал, фигуралы қайшы көмегімен ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленетін аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу). Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрады.

 

6.          2  - тақырыпша. Сурет үзінділерін ерекшелеу кезіндегі командалар.    

 

7.Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрғанда басқа орынға ауыстыру үшін:

­              курсорды ерекшеленген фрагменттің кез келген ішкі нүктесіне апарып, тышқан батырмасын басыңыз;

­              батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, фрагментті басқа орынға ауыстырыңыз;

­              батырманы босатыңыз.

Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып, фондық түске боялады.

Фрагмент жаңа орынға ауыстырылған соң да, оның ерекшеленуі алынбайды, яғни ол буферде қала береді. Егер фрагментті ауыстыру кезінде тышқан батырмасымен бірге Shift пернесі қатар басылатын болса, онда экран бетінде фрагменттің орын ауыстырып жылжыған ізі көрініп тұрады.

Жаңа орында фрагменттің тек көшірмесін алу үшін (мұнда фрагмент бұрынғы орында да қалатынын ескерте кетейік) орын ауыстыруда көрсетілген іс - әрекеттер сол күйінде орындалып, тек «тышқан» батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі де басылуы тиіс.

Фрагментті  ctrl пернесін басып жылжытамыз-жеке көшірмесін аламыз.

2-тәсіл. Фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз-оның ізі бар көшірмесін аламыз.

  3-тәсіл. Фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.  134 бет.

 

Мәтінмен жұмыс. Мәтін енгізу үшін, Мәтін    сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі-енгізу өрісін құру. Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас.

 

Әріптің стилін өзгерту

Әріптің мөлшерін өзгерту

Мәтінді жуан әріппен жазу

Курсив

Мәтіннің астын сызу

 

ІІ. шығармашылық әрекет.     қолдану 14 -минут

Практикалық жұмыс.  Оқушылар спорттың түрлері бойынша  мақалды жалғастыру арқылы компьютердегі  практикалық тапсырмаларды таңдап алады.

 

Күрескен жетер...            мұратқа     А-деңгейі
Дені саудың ...               жаны сау    В-деңгейі

Спорт-денсаулық ...        кепілі          С-деңгейі   
 

ІІІ. құзырлылық қалыптастыру.  талдау-жинақтау  6-минут

 

Қорытындылау.

 Деңгейлік тапсырмалар: Бильярд ойыны.   Ойын шарты бойынша топ мүшелері таңдаған түстерді шариктердің түстеріне сәйкес жауап беруі керек. Ол үшін әрбір шариктердегі сұрақтарға жауап берулері қажет.

І деңгей тапсырмалары

Ерекшеленген фрагмент экранда қандай сызықпен қоршалып тұрады?

Ерекшеленген фрагментті қалай жойса болады?

ІІ деңгей тапсырмалары

Сәйкестендіру тесті: Әрекеттер мен Командалар

Үзіндіні көшіру үшін   Белгілеу – Вырезать – Вставить

Үзіндіні жылжыту үшін   Белгілеу – Повернуть

Үзіндіні көбейту үшін   Белгілеу – Жанама меню – Удалить

Үзіндіні бұру үшін   Белгілеу – Копировать – Вставить

Үзіндіні жою үшін   Белгілеу – Shift пернесін басу

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрғанда басқа орынға ауыстыру үшін не істеу қажет?

 

ІV. бағамдау – бағалау  3-минут

V. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ  2-минут

Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу. 132-136 бет.

Анықтамаларды жаттау.

Бақылау сұрақтарына мен «Өзіңді  тексер» сұрақтарына жауап беру 139-140 бет.

Paint қарапайым графикалық редакторында сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін және жұмыс істеу ерекшеліктерін жаттау.

VІ. сабақты түзету. кері байланыс  2-минут

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз