Өлең, жыр, ақындар

Мысал өлеңдер туралы түсінік. А.Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»

Қазақ әдебиеті

Уақыты: 23.12.2015 ж. 5 сынып

Сабақтың атауы

Мысал өлеңдер туралы түсінік. А.Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»

Сілтеме

Әдебиет 5-сынып «Атамұра» 

Сабақтың жабдығы

Тақта, суреттер, кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерімен, аудармаларымен таныстыру және өлеңнің идеясын білуге бағыттау

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Адамның қасиеттеріне байланысты топқа бөлу.
І топ. Әдептілік.     
ІІ топ. Мейірімділік. 
ІІІ топ. Іізеттілік. 
ІҮ топ. Дарындылық.    

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақтүйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

А.Байтұрсынов «Өгіз бен Бақа»
Интерактивті тақтадан Ахметтің суреті көрсетіледі.
- Бұл кім?
- Ол туралы не білесіңдер?
-Оның қандай өлеңдерін оқыдыңдар? деген сұрақтарға жауап алып, одан әрі Ахметтің өзінің, қазақ жастарымен түскен т.б суреттерді көрсетіп, Ахмет туралы айтып өтемін де өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстырып, жаңа сабаққа көшемін.

І. Білу 
«Тұлғаны таны»
Ахмет Байтұрсынұлы – балаларды оқу –білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы педагог, қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы. Ахметтің ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте шыққан «Қырық мысал» жинағынан басталады. «Қырық мысал»- ұлы ағартушының мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы.1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан. «Қырық мысалға»  кірген өлеңдер түгелдей орыс ақыны И.А.Крыловтан аударған.
Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып,қоңырайма, құрбыларым,- дей тұрғанмен осы қырық мысал өлеңнің бәрі де түгелімен аударма секілді емес. Крыловтан аударған сондай аудармаларының бірі- «Екі шыбын». Бұл мысал түрінде жазылған. 
Мысал дегеніміз не?
Мысал - шағын көлмеді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарманы мысал дейді. Көбіне аң,хайуанат, жәндік туралы жазылады,сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.
Идеясы астарсыз, ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма,  шымыр келеді.

ІІ.Түсіну. Мағынаны ажырату
Оқулықпен жұмыс

ІІІ. Қолдану 
Сөздік жұмысы
Бек – өте
Сарша тамыз- өте ыстық
шырақ- мұнда:  айналайын
помың - формаң,пішінің
Жырақ – алыс

ІV. Талдау. Топтық жұмыс
Кейіпкер мінезін ашу
І топ. Бақа сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
ІІ топ. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?
ІІІ топ. «Әлін білмес әлек» тақырыбында ойтолғау
ІҮ топ. Өгіз бен бақа сахналық көрініс.
 

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.


Ү. Жинақтау
«Менің қасиетім»

Мұнда адамдарға тән қасиеттер жазылған. Қоғамға қандай адамдар қажет? Қажеттісін белгілейік.

Еңбекқор
Әдепсіз
Көрсеқызар
Мейірімді
Ақымақ
Надан
Дарынды
Ізетті
Зиялы
Залым
Өз Отанын сүйетін патриот
Еріншек
Сауатты
Білімді
Мақтаншақ
Күншіл

Рефлексия

Кері байланыс (рефлексия) «Сөйлемді аяқтау» әдісі
Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін қиын болды ....., Мен тапсырманы...., Мен түсіндім......., Мен үйрендім....., Алдағы уақытта...., Мені таңқалдырды......
Сынып оқушыларын бағалау дескриптор арқылы оқушының өзін-өзі бағалауы арқылы жүзеге асады.

Үй тапсырмасы

«Өгіз бен Бақа» өлеңін жаттау, өздеріңе ұнаған кейіпкердің суретін салып келіңдер

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз