Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Аналар мейрамы

Маңғыстау обылысы, Ақтау қаласы

"Дарын" балабақша гимназиясының

жоғарғы санатты тәрбиешісі: Сабихова Айнагул Сабидуллина 

 

8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі (естиярлар тобы)  

2016-2017 оқу жылы

 

"Көңілді  күн" жаттығуы.

Жүргізуші:

- Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді.

Келді міне, ару көктем,

Қарсы алайық әнменен.

 

1-бала:

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап,

Гүл атты.


2-бала:

Жасыл көктем келеді,

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе,

Мөлдір тамшы төгеді. 
 

3-бала:

Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай, көктем қандай көрікті! 

 

4-бала:
Қар еріп, су көбейіп, сай салада ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып 
Гүл бәйшешек болады. 
Айтыңдаршы, достарым,
Бұл қай кезде болады?

Барлығы: -Көктемде.

«Көктем әні»

Музыка әуенімен  балалар орындарына барып отырады, кейіпкерлер шығып кетеді.

Ағылшын тілінде қойылым:

- "Кызыл телпек" ертегісінің үзіндісі ағылшын тілінде орындалады.

Жүргізуші:  –Айнала қандай көркем! Қызғалдақтар гүлдеді, Ағаштың бұтақтарына бүршіктер пайда болды! Балалар, айтыңдаршы, көктемнің ең мерекесі кімдерге арналады?

- Аналарға,

- Ана дегеніміз-өмірдің бастауымен, таусылмайтын жалғасы. Ана- тіршілік көзі.
1-бала:  - Ана- жердің жүрегі,

2-бала:  - Ана-елдің тірегі.

3-бала:  - Ана біздің күніміз,

4-бала: - Ана біздің гүліміз.

5- бала: - Ұландарды қуантып,

                Ұзақ өмір сүріңіз!

6-бала: - Құттықтаймын, анашым,

               Мерекеңмен бүгінгі!

7-бала:

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Аспазшы жүгіріп жүріп айтады: - Бүгін анамыздың мерекесі! Қамыр тасыды, бауырсақ пісіру керек.

Жүргізуші:- Азпазшылар биін тамашалаймыз.
8-бала:

Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!


9-бала:
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын,ақ анам! 

 

10-бала:

Анамды мен жақсы көрем, 
Айтқан тілін алып жүрем. 
Қасымда анам жүргенде, 
Шаттанып ойнап- күлем! 

                                

Би: "Азпазшылар  биі"

 

11-бала:
Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін, 
Ән салайық бәріміз.

 

Ән: "Анаға сыйлаймын"

Жүргізуші: - «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған.. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады, құрметті әжелер.

1-бала:

Біз дәрісін табамыз,

Қамқорлыққа аламыз.

Әжемізді өзіміз,

Демде емдеп аламыз.
2-бала:

-Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге. 
Шұлық тоқып береді,
Қажет болса бәріне.


3-бала:

Аналарды сүйеміз 
Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз!

 

Ән: "Әжелерді ардақтап"

1-бала:

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Аналарды құттықтап,

Би билейміз бәріміз.

 

Би:"Гүлдер биі"

 

"Күн шуағы" ойыны.

- Балалар, бір сәт айналамызға қарап, өзімізді таза ауада тұрғандай сезінейік. Қарайықшы, айналамыз қандай? Нелерді көріп тұрсыңдар?
- Осындай гүлдердің, талдардың көрікті болып өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар?
- Ендеше мен бір жұмбақ жасырайын.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
- Ол не екен?
- Дұрыс айтасыңдар. Жұмбақтың шешуі күн екен. (тәрбиеші күннің суретін көрсетеді)

-Күн бізге қарап не істеп тұр?

-Күлімдеп тұр.

-Күнге не жетіспейді?

-Күннің шуағы жетіспейді.

-Ендеше ер балалар ортаға жиналып, күннің шуағын орналастырады.

-Міне, балалар, күн бізге өзінің шуағын шашып тұрғандай. Ал күн әдемі болу үшін, әдемі бәнтигін тағуға қыздар ортаға шықсын.

-Міне, қандай, тамаша! Әдемі күн шуағы болды! Жарайсыңдар!

1-бала:

Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңде зор екен,

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын мерекең!

 

2-бала:

Апатайым анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоршысы баланың,
Гүлі сенсің әр үйдің

 

Би: "Жұп биі

3-бала:

Аялаған саялаған,

Бар бақытым берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.

 

Ән: "Аналар мейрамы"

 

Жүргізуші:

-Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Шын жүрекпен бүгін сені,

Мейрамыңмен құттықтаймын, - деп, балалар өз қолымен жасаған сыйлықтарын сыйлайды.


Пікірлер (1)

Рвлиь

Ролалд
Пши

Пікір қалдырыңыз