Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Қош келдің, жаңа жыл!

Маңғыстау обылысы, Ақтау қаласы

"Дарын" балабақша гимназиясының

жоғарғы санатты тәрбиешісі: Сабихова Айнагул Сабидуллина 
 
Естиярлар тобының жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігі.

Музыка әуенімен:

Жүргізуші: (ортаға қар домалатып шығып:)

- Қыс келді. Айнала аппақ қар. Қардан аққала жасаған қандай қызық!

- Мен ұмытып бара жатырмын, қыс мезгілінде қандай мереке болады екен, ә? Кім біледі? (ата-аналардан сұрау)

- Дұрыс. Жаңа жыл мерекесі болады. Жаңа жыл мерекесімен сіздерді құттықтаймын! Бірақ жалғыз өзім жаңа жыл мерекесін қалай өткіземін?

 - Жалғыз өзіме аққала жасап ойнаған қызық емес, балалармен ойнаған қызық. Жаңа жыл мерекесін балалармен бірге өткізейік. Ендеше, балаларды ортаға шақырайық:

 (қолдарында қар, екі бала шығып, қыс тақпақтар айтады,бір біріне сұрақ қойып, жауап береді де орындарына тұрады.)

Екі бала шығып, тақпақ айтады.

1-бала:

Қыс мезгілі көңілді,

Аспаннан ақ қар төгілді

Шанамен біз ойнаймыз.

Шаңғы теуіп сырлаймыз.

2-бала:

Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Біз мықты баламыз.
1-бала: - Сенің қар лақтырысып ойнағың келе ме?

2-бала: - Иә, жүр қар лақтырысып ойнайық!

Келесі екі бала шығып, қыс тақпақтар айтады,бір біріне сұрақ қойып, жауап береді де орындарына тұрады.

3-бала:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.

Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.

4-бала:

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Шанамен зулаймыз.

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Қолымызды соғамыз. 

3-бала: - Сенің қардан аққала жасап ойнағың келе ме?

4-бала: - Иә, жүр аққала жасап ойнайық!

келесі екі бала шығып, қыс тақпақтар айтады,бір біріне сұрақ қойып, жауап береді де орындарына тұрады.

5-бала:

Біздің байтақ далада,
Асқар тауда, қалада.
Биыл ғажап іс болды
Таңғажайып қыс болды.

6-бала:
Қыс дегенің аймақ па?
Қатып жатқан қаймақ па?

Сырғанаймыз шанамен,
Қыр басынан сай жаққа


5-бала: - Сенің шанамен сырғанап ойнағың келе ме?

6-бала: - Иә, жүр шанамен сырғанап ойнайық!

(үшінші  қатарға тұрады, қалған барлық балалар музыка әуенімен ортаға шығып орындарына тұрып ән айтады)

Ән: "Ақ боран"

Балалар қолдарындағы қаршықтарын шырша түбіне қояды, орындарына отырады.

 Жүргізуші:- Қараңдаршы, балалар, біздің қардан жасаған аққаламызға жан бітіпті, өзі әдемі аққала, тіпті сөйлейді: (Аққала шығады)

Аққала:
Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрным сәбіз, үп үшкір.
Көзмі көмір, қап қара.
Көне шелек басымда,
Сыпырғышым қолында.
Мұз айдынға ойнауға
Келдім мен осында.

Қыз: - Алақай! Алақай! Аққала, біз аяз атаға хат жаздық, сен аяз атаға апарып бере аласың ба?

Күшік: - Ав, ав! Аяз ата бізге көп сыйлық әкеледі.

Түлкі: - Әй, күшік сыйлық дедің бе?... Әкел, бұл хатты Аяз атаға мен апарамын,-деп тартып алады.

Жүргізуші: - Түлкі, түлкі, сен балалармен билегің келе ме?

Түлкі: - Иә,балалармен билеген қызық шығар.

Жүргізуші:- Олай болса, хатты маған бер, мен оны шыршаға іліп қояйын!

Ал сен балалармен бірге отырып,көңіл көтеріп ал.

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген,

Бишіні  кім сүймеген?

Қараңдаршы балаларға,

Пингвиндер биін билеген. 

1-бала:

Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең
Құлағыңды тістеген.
2-бала:

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

 

Би: "Пингвиндер биі"

Жүргізуші: - Балалар, біз билеп жүргенде, түлкі мына хатты ұмытып кетіпті, біз Аяз атаны ортаға шақырып, хатты өз қолымызбен берейік.

- Ендеше барлығымыз бір дауыспен аяз атаны ортаға шақырайық.

Балалар: - Аяз ата, аяз ата, ау (2-рет)

Аяз ата: - Ау, армысыңдар, халайық?                     Өздеріңе оралдым,

               Амансың ба, ұл- қыздарым?                     Cыйлығым бар менің.

               Қандай жарқын жүздерің,                         Керемет бір ән тыңдап,

               Қандай әсем жырларың.                            Келіп тұр-ау демалғым.

Жүргізуші:- Әсем ән де, биде бар. Отыр Аяз ата сәл демал!

1-бала: 

Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып.
Аяз Ата келеді,
Балаларды сағынып.

2-бала:

Әлде қарлы боранда

Тау басынан түсті ме?

Аяз Ата оралды

 Ақ тон киіп үстіне

3-бала:

Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында.        

4-бала:

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Аяз ата өзіңізге,

Ән де салып береміз.

Ән: "Аяз ата"

Ойын: "Шыршаны безендіру"

Жүргізуші: - Аяз ата, балалар шыршаны әдемілеп безендірді, бірақ  жанбай тұр, енді не істерімізді білмей тұрмыз.

Аяз ата: - Менің сиқырлы таяғым бар. Мен сендерге көмектесейін, ол үшін сиқырлы сөз айту керек. Қане, бәріміз бірге:

"Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!" (2-рет) шырша жанады.

 1-бала:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.                

Ән: "Шырша әні"

Шырша туралы тақпақтар:

1-бала:

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
2-бала:

Жасыл шырша ырғалып,
Жатыр дала-қыр нағып.
Жылым келді мінекей,
Ашық жүзі нұрланып!

 

3-бала:

Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз біз тамсанып.
Би билейміз, ән салып,
Барлық бала қуанып!

Жүргізуші: - Аяз ата, ата-аналардың көңілін бір көтеріп, ойын ойнап алайық.

Ата-аналармен ойын.

"Кім бірінші, әрі кім тез?" деген ойын. Ойынның шарты: Мына қаршықтарды хоккей таяқшасымен домалатып хоккей қақпасына түсіру керек.

Жүргізуші: - Ал, енді биге кезек берейік! Қыздардың биін тамашалаймыз.

Би: "Ақшақарлар биі"

Түлкі: - Біз күтіп отырған Жаңа жыл деген кім? Ол қайда?

Аяз ата:- Қане, балалар, біз ортаға ескі жылдық иесін шақырайық. Жаңа жыл қайда екенін мүмкін сол айтар.(ортаға ескі жыл шығады, ол жаңа жылды ертіп келеді)

Қой: - Балалар, сендерге жаңа жылда денсаулық, бақыт тілеймін. Бір жыл бойы сендермен бірге болдым,мен сендерге жаңа жылды ала келдім.

Маймыл: - Мен мешінмін. Сендерге ұнаймын ба? Енді сендермен бір жыл боламын. Қане, бәріміз көңіл көтерейік.  

- Жаңа жыл туралы тақпақтар.

1-бала:

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл!

2-бала:

Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа - жыл біздерге,
Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!

 3-бала:

Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Ән: "Жаңа жыл әні"

Мыстан кемпір: - А-а-а, cендер менсіз жаңа жылды өткізіп жатырсыңдар ма? Сендердің сыйлықтарың менде, мен қатырып тастадым,-деп дорбаға салынған қаршықтарды көрсетеді.
Аяз ата: - Ойбой. қартайған басым-ай, мен сыйлықтарымды ұмытып кетіппін Ал мына мыстан кемпір тауып алып,сиқырлап тастапты ғой.

- Қызым-ау, қазанды алып кел.Қаршықтарды қазанға салып, қайнатып, ерітіп жіберейін.  (сиқырлы таяғымен сиқырлап, сиқырлы сөз айту керек). Қане, бәріміз бірге:

1-2-3-қайнасын!

Ішінен сыйлық шашылсын!-деп айтайық. (қазан ішінен жаңа жыл сыйлық шығады. Аяз ата жаңа жыл сыйлығын таратады)

Аяз-Ата: - Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Менің сыйлығыма риза болыңдар. Ал енді мен жолға шығайын. Басқа да балалардың өнерін тамашалайын. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: - Сау болыңыз!

Ертеңгілік аяқталды. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз