Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Аналар - асыл жандар

2-ші сәбилер тобының «Аналар-асыл жандар» атты ертеңгілігі.

«Дарын» балабақша гимназиясының  1-ші санатты тәрбиешісі:

 Мырзағалиева Алия.

 

Балалар қолдарындағы гүлдерімен залға кіріп жарты шеңбер болып тұрады.

1-бала:  Қарлар еріп далада,

             Күн шығыпты алақай!

             Күн жылынып мінекей,

             Көктем келді алақай!

             Бүршік атты ағаштар

             Көкке оранды алаңқай

             Біз ойнаймыз асыр сап

             Қуанышпен алақай!

Ән «КӨКТЕМ» хормен.

2-бала:   Мерекеңмен анашым!

              Сыйлайыншы гүлімді,

              Теріп алған даладан.

              Мейрамыңыз бүгінгі

              Құтты болсын анашым!

              Сізге бүгін сый құрмет,

              Жан анашым, мерейім,

              Қаласаңыз би билеп,

              Ән де салып береміз!

3-бала:  Сегізінші март келді,

             Шаттық сезім ап келді,

             Қуанышты күнде енді,

             Құттықтаймыз сіздерді!

4-бала:  Бүгін наурыздың сегізі,

             Сұлулықтың негізі,

             Әдемі сөз адамның,

             Анаға айтар лебізі!

ӘН «АПАТАЙЫМ»

Балалар орындарына отырады.

Музыкалық аспаптармен орындауда шығарма;

«Во саду ли, в огороде»

Балалардың аналарына арнаған тақпақтары.

Жүргізуші: Өлең айтып би билеп,

                 Бағалайды еңбегін.

                 Аналардың шаттығын

                 Құттықтайды балалар! -- енді әдемі қыздарымыз сіздерге «Қуыршақтар» биін билеп береді.

БИ;  «Қ У Ы Р Ш А Қ Т А Р»

Балалардың аналарына арнаған тақпақтары;

Жүргізуші: Балалар, аяулы аналарыңмен бірге, ақ әжелеріңнің де мерекесі, әжелеріңе арнаған тақпақтарың мен өлеңдеріңді айтайық.

5-бала:

Әже деген көп шығар,                  Ертек қандай көп еді,

Әжедейі жоқ шығар.                     Күнде айтып береді.

Мейірімді бұл кісі                         Қуанатын балаша

Қандай әсем күлкісі                     Әжем менің тамаша!

6-бала; 

Бар тәттіні жинаған                       Барған сайын бір жаққа

Балаларға сыйлаған                     Кәмпит әкеп береді.

Бұл әжемнің өмірі                        Әжем мені өйткені,

Таусылмайтын жыр маған.            Өте жақсы көреді.

ӘН   «ӘЖЕТАЙЫМ»

Ағылшын тілі блогы

Жүргізуші: Көктем қандай көңілді!

                 Күміс жаңбыр төгілді—деп қыздарымыз

«ЖАУ-ЖАУ ЖАҢБЫР» әнін айтып береді.

Жүргізуші: Енді ұлдарымыз да көңілді би билеп береді:

БИ:  «БАҚАЛАР МЕН БАЛАПАНДАР»

7-бала:

Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын,

«Ана» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар

Жеке орындаушылардың орындауында «Топ-топ балақан» әні.

8-бала:    «Күнім» «жаным» дегенді,

               «Құлыншағым» дегенді,

               «Ботақаным» дегенді

               Ойлап тапқан балалар!

9-бала:    Баланың да тірегі,

               Дананың да тірегі,

               Ауырмасын ешқашан

               Аналардың жүрегі.

Ән «АҚ АНАМ»

Балалардың аналарына арнаған сыйлықтарын табыстау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз