Жай бөлшектер және аралас сандарды көбейту

ОҚО 

Шымкент қаласы

№ 103 жалпы орта мектебі

Математика пәнінің мұғалімі:

Қазыханова Назым

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: оқушыларды жай бөлшектерді көбейтуге үйрету, ережелерді қолдана білу біліктілігін қалыптастыру;
  2. Дамытушылығы: Жай бөлшектерді көбейтудің қасиеттерін қолдана білуге, топта жұмыс істеу дағдылары мен өзара және өзін бағалауға дағдыландыру.
  3. Тәрбиелік: жай бөлшектерді көбейту ережесін тұжырымдау және еске сақтауға баулу; адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап,  тест жұмыстары

Сабақтың көрнекілігі:  лакаттар, фигуралар,  слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақ  жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Оқушыларды түгендеу

Б) Оқушыларды 3 топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасы

А) Үйге берілген жаттығуды тексеру

№588

Оқушылардың  дәптерін  ауыстырып, өзара  тексерту.

Бағалау  критерийі бойынша  бағалау.

ІІІ. Өткен материалды қайталау

1. Ой қозғау. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап"  Сұрақ- жауап алу

2. «Күн сәулесі» ойыны

3.«Білім көзі кітапта» (Оқулықпен жұмыс)

4. «Кім жылдам»

5. «Сергіту» сәті

6. Бекіту сұрақтары. Тест тапсырмалары

ІҮ. Үйге тапсырма

Ү. Бағалау.

1. Ой  қозғау  “Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”

(сұрақ  - жауап алу)

1. Жай бөлшекті қалай көбейтеміз ?

2. Жай бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?

3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

4. жай бөлшегіндегі 11 санын қалай атайды ?

5. жай бөлшегіндегі 12 санын қалай атайды?

6. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

7. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

8. Қандай санды аралас сан дейді?

9. Бөлшекті қалай қысқартуға болады?

Әр дұрыс жауап 1 ұпай

Жауаптары:

  1. Жай бөлшектерді көбейту үшін: алымын алымына көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің алымына; бөлімін бөліміне көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің бөліміне жазамыз. Жай бөлшектерді көбейту кезінде есептеуді жеңілдету үшін алдымен қысқартуды орындауға болады.
  2. Жай бөлшекті натурал санға көбейту үшін натурал санды алымына көбейтіп, мәнін жай бөлшектің алымына жазамыз, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.
  3. Аралас сандарды көбейту үшін оларды бұрыс жай бөлшекке айналдырамыз, содан кейін жай бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.
  4. 11- саны  жай бөлшектің алымы деп аталады.
  5. 12- саны бөлімі деп аталады.
  6. Алымы бөлімінен   кіші жай бөлшек дұрыс жай бөлшек деп аталады.
  7. Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең жай бөлшек бұрыс жай бөлшек деп аталады.
  8. Жазылуында бүтін және бөлшек бөлігі бар сан аралас сан деп аталады.
  9. Жай бөлшектің алымы мен бөлімін олардың бірден өзгеше ортақ бөлгішіне бөлу бөлшекті қысқарту деп аталады.

4.«Сергіту»  сәті

(Математикалық дене шынықтыру уақыты)

Мен сан айтамын. Егер 2-ге бөлінсе екі қолымызды көтереміз.

Мен сан айтамын. Егер 5-ке бөлінсе шапалақтайсыздар.

Мен сан айтамын. Егер 3-ке және 9-ға бөлінсе тізені бүкпей алға қарай еңкейесіздер.

14, 55, 27, 145, 4, 81, 115, 44, 20, 54, 100

5. "Кім жылдам?"

6. Бекіту  сұрақтары

ІҮ.  Үйге тапсырма:

№590,  №591 (5,6,7,8,9), №592 (5,6).

Ү. Бағалау.


Пікірлер (2)

Амир

Сұмдық түк түсінген жоқпын

Жомарт

Керемет жарайсындар бірақта жауаптары бар ма жауаптары бар болса айтыныздаршы дал казір керек болып жатыр

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)