Өлең, жыр, ақындар

Word мәтіндік редакторымен танысу

Қызылорда қаласы №233 орта мектебі
информатика пәні мұғалімі: Байшаева Жайна Бақытқызы

 

Сынып: 8 Ә

Сабақтың  тақырыбы: Word  мәтіндік редакторымен танысу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бағдарламасында формулалармен жұмыс істеуді меңгерту.

Дамытушылық:  теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуді, логикасын, шығармашылық ойлау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: жылдамдыққа, ұқыптылыққа, өзін бағалай алуға, ұйымшылдыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақта қолданылатын пед. технология, әдіс-тәсілдері: компьютерлік оқыту технологиясы, түсіндірме иллюстративті, оқыту танымдық іс әрекетін ұйымдастыру және іске асыру әдісі.

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен  көрнекілік: компьютер, бейнепроектор, интерактивті тақта таратпа, Power Point- та жасалған слайдтар.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру  кезеңі:

         а) ұжымдық әрекет;

         ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;

         б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

         в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау       

1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Бірміндетті операциялық жүйелер?
3. Көпміндетті операциялық жүйелер?
4. Операциялық жүйелердің қандай түрлері бар?
5. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
6. Вирустарға қарсы программаны қалай атаймыз?
7. Антивирустың түрлерін атаңдар?

Сергіту сәті (көз жаттығуларын жасау)
 

ІІІ. Жаңа сабақ

Word мәтіндік редакторы-мәтіндік құжат құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге,басып шығаруға арналған қолданбалы бағдарлама болып табылады.
Мәтін дегеніміз - компьютерлік символдардың қандай да болсын тізбегі.
Егер мәтінде алфавиттік-сандық символдардан басқа, графиктік объектілер болса, онда бұл мәтінді мәтіндік құжат деп атаймыз.

Мәтін түрлері:
1.Кәдімгі мәтінге кітап, мақала, әр түрлі құжаттар, хат, бұйрық, есептер, формулалар жатады.
2.Кестелік - кесте түрінде берілген мәтін.
3.Программалық мәтін программалық тілде жазылған программа.

Программаны іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

Пуск - Программы - MS Word. Нәтижесінде экранда келесі терезе ашылады

IV. Компьютерде практикалық жұмыс

Тапсырма
Төмендегі өлең жолдарының өлшемін 18 етіп, бірінші жолды жартылай қою, екінші жолды қисайтылған етіп және үшінші жолды асты сызылған етіп жазыңдар
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге

V. Жаңа тақырыпты бекіту

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға төмендегідей тапсырма  беріледі

Жаңа сабақ бойынша кесте толтыру

VI. Сабақты қорытындылау

Ассоциация

VII. Кері байланыс

VIII. Бағалау

Оқушыларға берілген тапсырмалар, сұрақтар бойынша баға қойылады.

IX. Үй тапсырмасы

Word мәтіндік редакторын оқып келу


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз