Өлең, жыр, ақындар

Жас информатиктер

Жумашева  Жазира Бакбергеновна

Алматы облысы  Қарасай ауданы Абай ауылы

«М.Ғабдуллин атындағы  орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің

Информатика пәнінің мұғалімі

 

Тақырыбы: "Жас информатиктер" сыныптан тыс сайыс

Мақсаты:


а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін шыңдап, тексеру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.


ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.


б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:Топтық жарыс сабағы

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Жабдықтар:Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар

Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.

Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.

 

Сайыстың өту барысы:

 

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

 

            Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Информатика – ғасыр талабы» атты сайысымызға  қош келдіңіздер!

Сайысымыз басталмас бұрын

« Әділқазы береді,

Өздеріңе бағаны.

Өз көзімен көреді,

Кім білімді, кім мықты?- деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.__________________________________________

2.__________________________________________

3.__________________________________________

 

 

 «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз!

Бүгінгі сайысымызга қатысатындар

 І-ші топ. «Бірлік» тобы      

ІІ-ші топ «Достық» тобы  қошеметтеп қол сағалық.

 

Бүгінгі біздің сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. “Кел,танысайық!” (топтардың таныстыруы)
  2. “Ойлан,тап!” (сөз құру)
  3. “Қызықты жұмбақ” (жұмбақ шешу)
  4. “Түсін мені” (ыммен түсіндіру)
  5. «Мақал –сөз мәйегі» (мақалдың түп нұсқасы)
  6. “Адасқан әріптер” (капитандар сайысы)
  7. “Көңілді жас ақындар” (өлең құрастыру)

 

Жүргізуші:

Деген екен қазақ халқы «Сәлем –сөздің анасы»,

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген  баласы.

Амандасу- ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың?

Ары қарай әр топ өзің жалғайсың.

 

Жүргізуші:
Білім қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз (Әр жұп өздерін таныстырды, жоғарғы ұпай -10 ұпай)
 

І-ші топ. «Бірлік»  тобы
Ұраны: 
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемі:Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.

 

ІІ-ші топ «Достық» тобы
Ұраны
:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

 

Жүргізуші:  

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе келесі кезеңімізге өтейік.

 

2 Кезең: «Ойлан тап»

Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет.

 

«Бірлік»  тобы
1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,….)

«Достық» тобы
2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…)

 

Жүргізуші:  

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Түрлі сауал топтарға біз берейік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік- деп келесі кезең қызықты жұмбақтарға берелік.

 

3-Кезең: «Қызықты жұмбақтар»

            Берілген суреттерді таңдап, жазылған жұмбақтарды шешу керек. Жауабын қазақша, орысша, ағылшын тілінде айтады. Жауапты дұрыс орындаған ойыншыға – 30 ұпай, екі тілде айтса – 20 ұпай, тек бір тілде  айтса онда 10 ұпай беріледі.
 


1. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені                                (кактус-кактус- cactus)

2. Биологияда бұл паразит, 
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер                     (бит-бит-bit)


3. Бар нәрсеге жетік

     Миы күшті тетік

     Ол арқылы сөйлесіп

     Кетесің шетелге де өтіп.        (компьютер – компьютер – computer)

 


4. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.  (меңзер – курсор – mouse pointer)

 


5. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар  көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын                   (тышқан – мышка – mouse)


6. Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген                   (пернетақта – клавиатура –  keyboard)


7. Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.                 (Жүйелік блок-процессор-processor)


8. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылға жатады.
Қозғала салса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.                   (бос орын пернесі-пробел- space key)

Жүргізуші

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма  болсын –деп  көтеріңкі көңілмен келесі кезеңімізді бастасақ.

 

4 кезең: «Түсін мені»

Топтағы бір оқушы берілген суретті ыммен түсіндереді де, қалған топ мүшелері оның не екенін табуы керек. Белсенді, жақсы ыммен түсіндіре біліп, жақсы таба білген топқа 10 ұпай қойылады.

 

  1. Кенгуру
  2. Тышқан
  3. Наушник
  4. Бантик
  5. Микрафон
  6. Пернетақта
  7. Диск
  8. Кітап
  9. Шаңғы
  10. Көзілдірік
  11. Қалам
  12. Планшет

 

Жүргізуші

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші,заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін!

 

5  кезең бастайық  «Мақал –сөз мәйегі»  бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

 

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

6.     Бір ядролы процессордан, екі ядролы артық (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

7.    Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

9. Интернет -ақпарат бұлағы (Кітап-білім бұлағы)

10.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

 

6 кезең «Адасқан әріптер»    Әр топтың капитандары ортаға шығып адасқан әріптерден сөз құрап, артық сөзді көрсетіңіз:


«Бірлік»  тобы
О Р Я Д   (ЯДРО)  I W D W O S N ( WINDOWS)
Т ЕФИЙНЕСP (ИНТЕРФЕЙС) ELEDTE  (DELETE)

«Достық» тобы

 В Р Д Й А Е Р  (ДРАЙВЕР)    F O I F E C   (OFFICE)
КСРАНЕ   (СКАНЕР)    RNETE   (ENTER)

 

7. Кезең. Көңілді жас ақындар сайысы (4 ұпай)
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең, – демекші

«Көңілді жас ақындар» сайысын бастайық. Бұл сайыстың шарты: командаларға 6 сөз беріледі, осы сөздерден өлең құрастырып шығаруларыңыз керек.

Компьютер, керемет, тамсандыру, хабар, адам, алыстан.

 

Жүргізуші:

Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» – деп кезекті сыныбымыздың әншісене береміз

Ән: ________________________

Орындайтын: _____________________

 

Жүргізуші:

Рахмет, қошеметтейік. Міне, бізге көңіл күй сыйлап, шабытқа бөледі, әрі қарай «Көңілді жас ақындарымызды» тындайық. Бұл кезеңде де жоғарғы ұпай 10 ұпай.

 

Жүргізуші:

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! -дей келе әділ қазылар алқасына топтардың ұпай сандарын есептеуге уақыт берейік.


Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір- күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.

 

Жеңімпаз топқа «Мадақтама грамотасымен», қатысқан оқушыларға «Ынталандыру грамоталарын» беріп марапаттаймыз.

 

Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.

 

Осымен кешіміз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше аман-сау болайық!

Мұғалімнің қорытынды сөзі


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз